Бұдан былай қазақстандық студенттер ғылыми жұмыс қорғамай-ақ диплом иеленуіне болады
Қазақстандық студенттер бұдан былай дипломды ғылыми жұмыс қорғамай-ақ ала алады. Яғни, бітіруші түлектер дипломдық жұмыстың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жеке жобасын немесе ойлап тапқан туындысын ұсынуына болады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер енді түлектерге еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажеттіліктерді ескере отырып, барлық жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын толық немесе ішінара өзгерте алады.
- Қазақстанда қандай олимпиада мен жарыстардың жеңімпаздары білім гранттарын алатыны белгілі болды
- Қарағандыда жабылып қалған колледж талапкерлерді қабылдаған
Ал магистранттар мен докторанттар оқу траекториясын өздері таңдайды.
Сондай-ақ, шетелдік тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Ендігіде магистранттар мен докторанттар жетекші ғылыми орталықтардан тәжірибеден өтеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"