Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бузачи-нефть: "Қаратұрын Восточный" кен орнының №303 ұңғымасында апатты жою үдерісі жалғасып жатыр

24 шілде күні Маңғыстау уақыты бойынша сағат 22:30-да "Қаратұрын Восточный" кен орнында 9 маусым күні орын алған №303 ұңғымадағы апаттың салдарын жою үшін тереңдігі 1200 м (тігінен) көлбеу бағытталған №305-Н ұңғымасын бұрғылау жұмыстары басталды. Қызметкерлер AIDECO-160 станогын қолданып жатыр. 25 шілдедегі жағдай бойынша бағыттаушы түбінен 68 метр деңгейде бұрғылау аяқталды. Бүгінгі күні бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр.

"Көлбеу ұңғыманы бұрғылау телеметриялық мониторингпен және ұңғыманың өткізгіштігін, газ білінуін және бұрғылаудың барлық технологиялық параметрлерін бақылайтын кенжар құралын пайдалану арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл бізге апатты жою бойынша іс-шараларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс іс-шаралар жоспарына сәйкес жүріп жатыр", – деп атап өтті "Бузачи Нефть" ЖШС бас геологы Александр Касьяненко.  

Екі көлбеу бағытталған бостатушы ұңғымаларды бұрғылау бойынша жеке техникалық жобаларды әзірлеу туралы шешімді мұнай-газ саласы мен бейінді министрліктер сарапшыларының пікірлерін ескере отырып, апатты жою жөніндегі Штаб қабылдады. 

Апат салдарын жою жөніндегі барлық іс-шара Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен, Маңғыстау облысының әкімдігімен және жергілікті басқару органдарымен келісілді.