Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүйрегінен тас табылып, ауруханаға түскен әйел аяқ-қолынан айырылды

Англияның Барнсли қаласының тұрғыны сепсис дертінің кесірінен аяқ-қолынан айырылды.

Бүйрегінен тас табылып, ауруханаға түскен әйел аяқ-қолынан айырылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

54 жастағы Мэнди Паркин маусым айының соңында соқырішектен күдіктеніп, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер оның бүйрегінде тас барын анықтап, бірнеше сағаттан кейін сепсиске шалдыққанын біліпті. Артынша әйелдің көпағзалық жеткіліксіздігі пайда болып, сепсистік шок алған. Салдарынан дәрігерлер оны жасанды комаға түсіреді. Осылайша, әйел шілде айының ортасында есін жиған. Алайда қанының зақымдалуының салдарынан, аяқ-қолы қарайып кетіпті.

19 шілдеде дәрігерлер Паркиннің екі қолын ампутациялады. Ал арада үш апта өткен соң әйелдің екі аяғын кесуге мәжбүр болды. Дәрігерлер науқастың өмірін құтқару үшін оған қатты әсер ететін дәрі-дәрмек берген. Соның салдарынан әйелдің есту қабілеті нашарлаған. 

Бүйрегінен тас табылып, ауруханаға түскен әйел аяқ-қолынан айырылды

Қазіргі уақытта Мэнди Паркин ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. 

«Жарты жылдың ішінде протез салынып, бұрынғы өміріме орала аламын деп үміттенемін. Мен ампутациядан гөрі, есту қабілетіме қатысты проблемалар қатты алаңдатады. Ендігі менің айналамдағылармен араласуым қиындап кетті», - дейді әйел. 

Ол алдағы уақытта есту аппаратының көмегімен қайтадан жақсы еститініне сенеді.

«Күн сайын кездесетін қиындықтардан белгілі бір деңгейде ләззат аламын. Өзімнің алға басып келе жатқаныма мақтанамын»,- дейді ол.

Талқылау