Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүйрегі жаншылып, қан кеткен: Шымкент түрмесіндегі сотталушы жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Шымкент түрмесіндегі сотталушы жасақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүйрегі жаншылып, қан кеткен: Шымкент түрмесіндегі сотталушы жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Шымкенттегі ИЧ-176/2 түзету түрмесінен 24 жастағы азаматты жедел жәрдеммен алып кетіп, ауыр жарақат алғаны белгілі болған. Сотталушының анасы ұлының мұндай халге түсуіне түрме қызметкерлерін кінәлап, солар соққының астына алған деп отыр.

"Мен таныстарымнан ұлымды түрмеде ұрып тастапты дегенді естідім. Бірден сол жаққа барып, басшылықпен кездесуді сұрадым. Сол сәтте жедел жәрдем тұрған еді. Бір бүйрегін ұстап, әрең сүйреліп келе жатқан ұлымның жанында сақшылар болды. Мен оны қызметкерлер ұрып тастағанына сенімдімін", - дейді сотталушының анасы.

24 жастағы азамат жедел түрде ауруханаға жеткізіліп,  ота стөлінен бірақ шықан. Соққының қатты болғаны соншалық, сотталушының бір бүйрегі істен шығып, бүйрегін алып тастаған көрінеді.

"Жедел түрде бірден жансақтау бөліміне ауыстырдық. Тексеру нәтижесінде ішкі қан кету мен оң бүйрегінің жаншылып кеткені анықталды. Ота барысында бүйрегі жарамсыз деп танылып, оң бүйрегін алып тастадық", - дейді дәрігер Сауранбек Әлдеков.

Алайда дәрігерлер тексеру барысында сотталушының мойнынан жіптің ізін көргенін айтады. Соған қарағанда сотталушы өз-өзіне қол жұмсамақ болған кезде құлап кетіп, қатты жарақат алған көрінеді. 

"Сотталған азамат өз-өзіне қол жұмсамақшы болып құлап, жарақат алған. Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем мен полиция шақырған", - дейді түрме басшысының орынбасары Рамазан Сұлтанов.

 

Талқылау