Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы продюсері Артур Төлеповті «лақтырып» кетті деп айыптады

Белгілі қазақстандық продюсер Жанна Әбуова актер әрі әнші Артур Төлеповті сатқындық жасағаны үшін айыптады. Актер шоу-бизнес әлемінен біржолата кеткісі келетінін айтып продюсердің қарамағанынан шығып кеткен. Жеке кәсібін ашып, бизнеспен айналысатынын мәлімдеген. Алайда арада небәрі 1 ай өткеннен кейін Төлепов жаңа бейнебаянын жарыққа шығарған.

толепов абуова 85

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

Бағдарлама барысында продюсерге «Қарамағыңдағы адамдардың сатқындық жасаған кезі болды ма?» деген сұрақ қойылды. Оған продюсер былай деп жауап берді:

«Болды. Артур Төлеповпен аз уақыт болса да бірге жұмыс істедік. Одан әнші шығармақшы болдым. Оның да, менің де қалауым сол еді. Бір уақытта шығармашылығымыз аздап тоқырауға ұшырады. Тынбай ән іздедік. Өзбекстандық композиторлар бірнеше ән жазып берген болатын. Сол әндердің өңделуі, жарыққа шығуы біраз уақыт алды. Ол уақытта Артур бір фильмнің түсіріліміне қатысты. Содан бір күні келіп шоу-бизнестен біржолата кеткісі келетінін, кәсіппен айналысатынын жеткізді.

Әрине, таңырқап қалдым. Өйткені мен ол жобаға ақша жұмсадым, еңбегім зая кетті, махаббатымды салып жұмыс істедім. Мен үшін түсініксіз жағдай болды. Алайда ойлана келе ер адамның кәсіппен айналысқанын дұрыс деп ұйғардым. Отбасылы болуы керек дегендей… Кетерінде күндердің күнінде көмек қажет болса, қасынан табылуға әзір екенімді жеткіздім. «Сағың сынбасын. Бизнестің қай түрімен айналыссаң да, тек қана алға. Қорықпа!» – деген желеумен шығарып салдым. Арада 1-1.5 ай өткен соң Артур жаңа бейнебаянын таныстырды. Ол аздай, қымсынбастан мені тұсаукесерге шақырды. Әрине, барған жоқпын».

Өз сөзінде Әбуова Төлеповпен құрылған келісім-шарттың әлі де өз күшін жоймағанын атап өтті. Артур «сол кеткеннен, мол кеткенге» ұқсайды. Ол келісім-шартты бұзу үшін бұрынғы продюсеріне келмеген. Әбуова келісім бойынша одан ақша талап ете алатынын, алайда ондай қадамға бармайтынын жеткізді.

«Одан ақша талап ететіндей оның қазіргі табысы мол деп ойламаймын. Немесе екеуміз бірігіп жаздырған әндерден пайдаға кенелді деп те ойламаймын. Ұятына қалдырдым. Ұяты оянса өзі қайтарады. Оянбаса, бұл қазанды жабулы күйінде қалдырамын», – деп мәлімдеді Жанна Әбуова.

Естеріңізде болса, Жанна Әбуова қазақ еліне белгілі әншінің тоқалы болып, оған ұл туып бергенін мойындаған еді.  Продюсер атын атамаған әнші туралы жұрт неше түрліні айтты. Тіпті, Иманәлінің әкесі бола алатындай өнерпаздар тізімін ұсынды. Продюсер ел айтып жүрген азаматтардың бірде бірінің ұлының әкесі емес екенін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды

Шаһизада: Бірінші күйеуім ұрып жатқанда, Алладан басқа өмір сұрадым

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасқа келгенде ұлды болды

Баян Есентаева анасына пластикалық ота жасатты

Талқылау