Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасқа келгенде ұлды болды

Белгілі сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болғанын жасырмай айтты.

2d19b03b64682fdc0b7196e304c58329

Көпен Әмірбек «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сыр шертті. Сықақшының Қуаныш атты ұлы мен Сағыныш атты қызы бар. Жақында олардың қатарына Жұбаныш есімді ұл қосылған.

«Адамнан жасырғаныңмен, Алладан жасыра алмайсың. Бұл құпия дүние емес, тіптен той жасау керек. Мұндайда біздің қариялар «құдайдың бергені» деп бөркін аспанға лақтыратын… Екі бауырдың арасы бір болсын, ұйқасып тұрсын деп сәбидің есімін Жұбаныш қойдым. Келіншегімнің ұлды болатынын түсімде көргенмін. «Сары бала туасың» деп айтқанмын, солай болды», – деді ол.

Көпен Әмірбек сүn кенжесіне деген махаббатының ерекше екенін айтып өтті.

«Немере тәтті болады» деген сөзді жастайымыздан естіп өстік. Құдайдың берген ұлы мен қызын жас кезімізден мәпеледік. Ол уақыт та өзінше бір тәтті болды. Бірақ оларды қалай иіскегенім, қалай жақсы көргенім есімде жоқ. Енді немере сүйген жасыңда, онымен қоса өзің ұлды болып жатқан кезіңде мына құлыншағың немереден де тәтті болады екен.

Бұл ұлға деген сағыныш тіптен бөлек. Жанынан айнып бір елі шыққым келмейді. Тұқым қуалап, құдай ғұмыр берсе, мен әлі жиырма жыл өмір сүретін сияқтымын. Ұлтымның және ұлымның болашағын қатар көргім келеді», – дейді сықақшы.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас әйгілі «Ламбада» әнімен қазақ елін билетіп жіберді (видео)

Мүгедек балаларға «қисық және ақи» деп тіл тигізген Сати Казанова күйзеліске түскен (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Брэд Питт балаларын көру үшін өзін қорлайтын талаптарға келісті

Талқылау