Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек балаларға «қисық және ақи» деп тіл тигізген Сати Казанова күйзеліске түскен (видео)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тіл тигізген ресейлік әнші Сати Казанованың өмірі өксікке толды. Себебі ол тұла бойында кемістігі бар балаларға қарата аңдамай сөйледі. Сол үшін қатты сөгіс естіп, сынға ұшырады. Ресейлік әнші ана тілінің қабарда тілі екенін, сол себепті өз ойын орыс тілінде қате жеткізгенін айтты.

uzn_1447406501

Бұл туралы Майя Бекбаеваның авторлық бағдарламасында айтылды. Тележүргізуші ресейлік әншімен сұхбаттасу үшін арнайы Мәскеуге атбасын бұрған.

казанова бекбаева_8

Баспасөз конференциясы барысында Казанова өзі басшылық ететін қайырымдылық қоры туралы сөз еттті. Сонда әнші:

«Менің қорым қисық және ақи, ауру балалармен, Құдай өзі кешірсін, айналыспайды. Біз көбінесе шығармашылықпен айналысамыз», – деді.

Әншінің дәл осы сөздері оның өмірін түбегейлі өзгертті. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оған қарғыс айтып, қоқан-лоққы көрсетті. Ал өз қатесін түсінген Казанова күндіз-түні жылаумен болды. Бірнеше рет кешірім сұрап, халыққа үндеу видеоларын жолдады.

«Мен бірінші кезекте қабарда тілінде ойлап, соны орыс тілінде жеткіземін. Мүмкін дәл осы себепті мен денсаулығында ақауы бар балалар туралы ойымды дұрыс жеткізбедім. Ойланбастан немесе ойымды дұрыс тиянақтап алмастан сол сөздерді айттым. Бұл сөзіммен ренжіткен немесе кемсіткен адамдардан кешірім сұраймын. Денсаулығында кінәраты бар балалар мен олардың аналарынан кешірім сұрап, жақсылық тілеймін», – дейді Казанова өзінің жолдауында.

Ресейлік әнші күйзеліске түскен сәтінде өзін күркетауық құсы секілді сезінгенін атап өтті. Оның себебі мынада:

«Бұрын біз үйімізде күркетауық асырадық. Олар отбасының бір мүшесі сырқаттанып қалған жағдайда, түгел жиналып, науқасты шоқып өлтіретін жер бетіндегі жалғыз тіршілік иелері. Ондайды өз көзіммен көрдім. Бір сәтте өзімді сондай құстардың бірі сияқты сезіндім. Сол кезде: «Неткен қатігезсіңдер? Иә, мен қателестім, абайсызда айтпауға тиісті сөздерді айттым. Кавказдық ер адамдар маған былапыт сөздерін жаудырып, бірнеше бөлікке бөліп өлтіретіндерін айтып қорқытты. Мархаббат дедім. Мен оққағар да ұстамаймын», – деп ағынан жарылды Казанова.

Әнші күйзеліске түскенін, қиыншылыққа отбасының арқасында төтеп бергенін айтты.

«Осы жағдайдың арқасында отбасымның берік, мықты әрі керемет екенін түсіндім. Отбасымның мүшелері бір ағзаға біріктірілгендей бұл қиыншылыққа қарсы тұрды. Үлкен қолдау көрсетті. Әкем, сіңлім Мариана. Әсіресе, әкемнің жазған өлеңі жанымды тебірентті, көзіме жас келтірді. Шынымды айтсам, оны жатқа білмеймін. Өлең қабарда тілінде жазылған. Бірақ мағынасы «Иә, мен қателестім. Кешіріңдер, адамдар! Бірақ кез-келген пенде қателеседі. Тек бұл дүниемен қоштасқан жандар ғана қателеспейді» дегенге саяды. Әкем өте қарапайым тілмен менің жан айқайымды жеткізген. Оқып отырып жыладым. Күндердің күнінде бұл өлең шумақтарына қарапайым ғана ән жазып, жарыққа шығарамын», – дейді Казанова.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина оқушы қыздың арманын орындамақ

Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар

Тек күйеуінің рұқсатымен киінетін эстрада арулары кімдер?

Луина продюсерімен келісім-шартын тоқтатып тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Талқылау