Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина оқушы қыздың арманын орындамақ

Қарақат Әбілдина өзіне хат жазған бүдіршіннің арманын орындамақ. Халық сүйіктісі Минураны концертіне шақырып, өзінен сұхбат алуға рұқсат берді.

14676734_1866805423547592_201251477316960256_n

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Минура есімді бүлдіршін Аяз атаға хат жазған екен. Ол аталған хатында Қарақат Әбілдинамен кездесіп, одан сұхбат алғысы келетіндігін жеткізген. Бұл хатты оқыған журналист Қымбат Досжан оны инстаграм желісі арқылы әншінің өзіне бағыттайды. “Мына хатты кішкентай балапаннан алдым! Армандар орындалсыншы, Қарақат” деп жазады Қымбат Досжан.

Халық сүйіктісі ойланбастан Минураның тілегін орындауға әзір екенін айтты. Мұнымен қатар, оларды өздерінің концертіне тегін шақырды. “Әрине, Қымбат апай! Сіздерді, Минураны 15 желтоқсан күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы Жаңа оқушылар сарайында өтетін “Қарақат студияның” Жаңа жылға арналған концертіне құрметпен шақырамыз! Келіңіздер, күтеміз!” – деп жазады Қарақат Әбілдина.

15047012_1708564732788572_2730528327470153728_n

Әншінің бұл қарапайымдылығына жұрт қайран қалып, ақ тілектерін жаудырды. Арасында Қарақатқа қыздарының тұсауын кестіргісі келетіндер де болды. “Кішкене Минураға мейірімді фея болғалы тұр екенсіз. Құдай сізге өзіңіз секілді қуыршақтай қыз жіберсін осы Жаңа жылда!”, “Қарақат, баланың тілегі міндетті түрде орындалуы тиіс. Балалар – біздің болашағымыз!”, “Мен де қызымның тұсауын сізге кестіргім келеді. Біз де келсек бола ма?”, “Балалар таңғажайыпты күтеді! Ал Қарақат – көпбалалы ана. Ол балалардың тілегінің не екенін жақсы түсінеді” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар

Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевпен бірге дуэт орындады (видео)

Қайрат Нұртастың костюмін киген жеткіншек қуанғанынан әншіні құшақтап алды (видео)

Ұлықпан Жолдасовтың әнін шебер орындаған армян қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Талқылау