AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брэд Питт балаларын көру үшін өзін қорлайтын талаптарға келісті

Анджелина Джоли мен Брэд Питт балаларына қамқор болу жөнінде келісімге келді. Бала-шағасы үшін голливудтық актер өзін қорлайтын Джолидің талаптарын қабылдады.

7a072cd8f211d245a746559a85fb3d4d_648

Бұл туралы Дни.Ру жазды.

Сот ісі барысында Анджелина Джоли жеңіске жетіп, балаларын өз қарауында қалдырды. Ал Брэд Питт ара-тұра алты бірдей перзентін көріп тұру үшін өзінің намысына сызат түсіретін талаптарды қабылдады. Ол енді аптасына бір рет алкоголь мен есірткіге тексеріліп тұратын болды. Питт айына кем дегенде 4 рет анализ тапсыруға міндеттелді. Голливуд жұлдызы тесттен өтуге кез келген уақытта дайын болуы тиіс.

Брэд Питт өз балаларын тек белгіленген уақытта ғана көре алады. Бұл кездесу «терапевттік» деп аталады. Нақтырақ айтсақ, кездесудің қайда және қалай өтетінін психолог шешеді.

Бұдан бөлек, Питт аптасына бір рет психологтың қабылдауына (сеанс бір сағатқа созылады) және топтық психотерапия сеанстарына баруы тиіс.

Питтің айналасында жүрген адамдар Джоли қойған талаптардың актерді қорлайтынын, алайда балаларын көру үшін оның келісетінін алға тартуда.

Батыстық БАҚ-тардың жазуынша, Брэд Питт пен Анджелина Джоли 26 қазанда келісімге қол қойған. Алайда сот аталған келісімге 2 желтоқсан күні ғана қол қойған. Ақпарат журналистердің қолына кеш түскен-ді.

Бұған дейін Анджелина Джолидің 34 келіге дейін арықтап, ауыр халде жатқанын жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Тек күйеуінің рұқсатымен киінетін эстрада арулары кімдер?

Ләйлә Сұлтанқызы өзі оқыған университет алдында әжесінің шемішке сатқанын айтты

Меруерт Түсіпбаева Алматыдағы молдалардан көңілі қалғанын айтты

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр