Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)

Халил Рафати 2003 жылы 33 жасында Лос-Анджелес көшелерінде жүретін. Оның кокаинге әбден тәуелді болғаны сонша, денесінің бәрін жара басып кеткен.

_95338584_53111bf8-a7e6-45bd-b39f-58528ff52169

Бұл туралы BBC хабарлайды.

“Мені бірнеше рет тұтқындағаны соншалық, кейбірі тіпті есімде де жоқ. Есірткіге отырғаным сонша, ұйықтаудың өзі маған ауыр еді”, – дейді Халил.

Ол бірнеше рет есірткіні тастауға ұмтылады. Бірақ, үнемі тәуекелі жетпей қала беретін. Бір жолы шамадан тыс пайдаланып ес-түссіз құлағаннан кейін ол өмірін өзгерту керек деп шешеді. Содан бастап сауықтыру орталығында төрт ай ем қабылдаған уақыттан бері бірде-бір мәрте есірткіге жолаған емес.

_95270571_dsc01014

Ол есірткіні ұмытып қана қоймай, бизнес ашып миллионер болып та үлгерді. Пайдалы тағамдарды насихаттайтын оның компаниясы Sunlife Organics деп аталады. Компанияның жыл сайынғы табысы 6 млн доллар. Өнімдер алты кафе-барларда сатылады. Олар – шырындар, жеке киімдер желісі. Сонымен қатар, компанияның веб-сайты арқылы да сауда жасала береді. Алдағы уақытта АҚШ пен Жапонияда тоғыз сауда нүктесі ашылады деп жоспарланып отыр.

Қазір 46 жастағы Халилдің жеке ұшағы бар. Оның басынан кешкендері тұтас фильм түсіруге жетіп жатыр. Огайо штатында туған, Халилдің анасы – поляк еврейі, ал әкесі – мұсылман. Балалық кезі де жеңіл болмаған: мектепті тастап кетіп, ешқандай білім ала алмайды. 1992 жылы 21-ге толған соң Лос-Анджелеске барып, киножұлдызға айналғысы келеді.

_95273943_khalilprivatejet

Алайда актерлік өмірге аяқ баспай, ол жергілікті музыкалық топтың қатарында өнер көрсетумен шектелген. Ал табысты көлік жуып табатын. Сол кезде есірткінің дәмін татып, өмірінің астан-кестеңі шығады. Ақырында далаға түнеп, есірткі саудалайтын күнге жетеді.

Бірақ, өз-өзіне келіп есірткіні тастағаннан кейін бірден бірнеше жерде жұмыс істей бастаған.

“Мен аптасына жеті күн, күніне 16 сағат жұмыс істеп ақша таптым”, – дейді ол. Бір күні Огайодағы ескі досымен кездесіп, жеке жеміс шырыны өндірісін ашу туралы идеясын айтады. 2007 жылы үйді жалға алып, Riviera Recovery жеке рехабын ашады. Онда клиенттер айына 10 мың доллар төлеп келетін.

_95270565_mb2

Өзінің емделушілері үшін Халилдің сауықтыру орталығы “Росомаха” деген атаумен жеміс шырынын өндіріп, ұсынады. Оның құрамында банан, балара сүті, ұсақ көкнәр түйіршігі болды.

Осы сусынның арқасында оның атағы алысқа кетіп, клиенттер саны арта бастаған. Сұраныс көбейгеннен кейін 2011 жылы досы екеуі Sunlife Organic компаниясының негізін қалайды.

_95303797_sunlife-organics-juice-press

Компания алғашқы дүкендерін Малибуда ашқан. Алғашқы жылы-ақ табыс 1 млн долларға жетеді. Қазір алты кафеде 200 адам жұмыс істейді. Сусыннан бөлек, пайдалы тағамдар мен киімдер де сатылып жатыр.

Deutsche Bank-тың Нию-Йорктегі бөлімінің сарапшысы Роб Назар Халилдің оқиғасы – мінезді адамның әрекеті дейді. “Сенде қандай білім, кәсіби тәжірибе екені маңызды емес, маңыздысы мінез, шешім қабылдау” дейді ол.

_95303802_i-forgot-to-die_cover

2015 жылы Халил өзінің автобиографиясын жазып шығарды. Оған “Мен өлуді ұмыттым” деген ат қойған.

“Мен өзімді ерекше ақылдымын деп санамаймын. Мен тек не нәрсеге де бар күшімді сала жұмыс істеймін”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

107 жастағы ирандық қария сайлауға түсу үшін кандидатурасын ұсынды

77 жыл отасқан қариялар үлгілі отбасы болудың сырын ашты (фото)

Стюардесса ұшу кезінде жағдайы нашарлаған пилотты алмастырды

Талқылау