Бұрынғы білім министрінің 4 қыздан соң көптен күткен ұлы дүниеге келді
Бұрынғы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов төрт қыздан соң ұлды болып, қуанышын тойлауда.
Сүйінші жаңалықты экс-министр өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
“Қадірлі достарым! Төрт қызым інілі болып жанұям қуанышқа кенелуде! Вот, Никогда не сдавайся!” – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Аслан Сәрінжіпов қазіргі таңда “Назарбаев қорының” президенті және Nazarbayev University қамқорлық кеңесінің мүшесі лауазымында.
Ол 2013 жылдың 2 қыркүйегінен 2016 жылдың 10 ақпанына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі қызметін атқарды. Халықаралық экономист, экономика ғылымдарының кандидаты деген атақтары да бар.
Оқи отырыңыз:
Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды
Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды
Ақтөбеде қанды қырғын жасаған террористер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін
Министр Сағадиев әліппені мектепке қайтадан алып келетінін жариялады