Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин өз заманының Майк Тайсоны бола білді, бірақ қазір олай емес
Бірінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Корнелиус Бандрейдж қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Мен Головкинді жақсы көремін. Алайда оның бокстағы дәруені аяқталып келеді. Бұрын адамдар онымен жекпе-жекке шығудан қорқатын кездер болған еді. Сонымен қатар ол өз заманының Майк Тайсоны бола алды. Бірақ қазір олай емес», – деп жазды Корнелиус Бандрейдж Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетсек, Геннадий Головкин 5 мамырда АҚШ-тың Карсон қаласында келесі жекпе-жегін өткізеді. Ол шаршы алаңда америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) кездеседі.
Оқи отырыңыз:
Данияр Елеусіновтің қолын жылдам сермеп билеген видеосы жұртты күлдірді (видео)
Қайта ол аман қалды: АҚШ журналисі Димаш Ниязовтың алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді
Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
«Әйелдер арасындағы GGG» атанып кеткен қазақ қызы кәсіби рингте жеңіске жетті