Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен екінші рет бал айына аттанды (фото)
Түркияның ең танымал кино жұлдыздары Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен екінші рет бал айына аттанды. Жас жұбайлар Куба елінде демалып жатыр.
Бұл туралы 1news.az хабарлады.
Атап өтейік, түрік жұлдыздары Ыстанбұлда үйлену тойларын дүркіретіп өткізгеннен кейін Мальдив аралдарында демалып келді. Алайда кезекті телехикаяның түсірілімі күтіп тұрғандықтан, кино майталмандары небәрі бір апта демалып, Түркияға оралды. Аяқталмай қалған бал айының есесін актерлер Кубада қайтармақ ниетте.
Басылымның хабарлауынша, саяхатқа жиі шығатын актерлер әлеуметтік желідегі парақшаларына бірге түскен суреттерін жиі салмайды.
Атап өтейік, Бурак Озчивит «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясында Бали Бейдің рөлін сомдап, әлемге танылды. Ол қазіргі жұбайы Фахриемен бірнеше телехикаяда басты рөлді сомдады. Бұдан өзге, қазақстандықтар Буракты «Өшпес махаббат» хикаясындағы Кемаль ретінде жақсы таниды.
Жіберіп алмаңыз:
Продюсер Алтынбек Рахметов қызын ұзатты (фото)
Танымал миллионер Ninety one фильміне қатысты пікір білдірді
“91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)