Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдың бұрынғы әкімі аяусыз соққыдан кейін көз жұмды

Бурабайдың бұрынғы әкімі қатты соққы алғаннан кейін қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әкім

"Азамат Ч. Темірбековке ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша үстіміздегі жылдың 23 мамырында Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денеге ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

25 мамырда осы қылмысты жасаған күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты "үй қамауына" санкция берді", - деді Ақмола облысының полиция департаменті.

Ал 30 мамыр күні жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне "жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" деп қайта сараланған. Күдікті Бурабай ауданының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қайта қамауға алынды.

Осы факті бойынша Бурабай ауданының полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі мұқият және объективті тергеу жүргізетін болады. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ақмола облыстық полиция басқармасы марқұмның Бурабайдың бұрынғы әкімі екенін растады.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр