Бурабайдағы Көкшетау тауының 800 метр биіктігінде өрт тұтанды
Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіріп жатыр. Жалынмен күресу үшін тікұшақ жұмылдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көкшетау тауындағы өрт 25 қыркүйекте тұтанған.
"25 қыркүйекте таңертең жедел кезекшінің пультіне "Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.
“Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды", – делінген ведомство хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”