Бурабайда бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды
Бурабайдағы бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астан уланған 17 қызметкер медициналық көмекке жүгінді. Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.
"Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан 40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ", – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”