Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай тұрғындары мен кәсіпкерлеріне жерінен айырылып қалу қаупі төніп тұр

Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысындағы Бурабай және Светлый курорттық ауылдарының бірнеше мың тұрғыны мен кәсіпкерлері баспаналары мен демалыс орындарынан айырылып қалудан қорқып отыр. Себебі өңірдегі жер ресурстарын басқару департаменті соңғы 20 жылда жасалған барлық жер мәмілелерін жоюды талап еткен. Ені жер иелері сотқа шақырту қағаздарын ала бастаған. Мұның себебі неде екені белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Игорь Стрельцов Бурабай ауылынан бір жыл бұрын жер сатып алған. Кәсіпкердің айтуынша, 400 миллион теңге салып, аумақты абаттандыру, инженерлік желілер тарту, 24 тұрғын үй салу сияқты жұмыстар атқарылды. Бірақ жақында ол сотқа шағым түсірген. Себебі облыстық жерге орналастыру басқармасы жермен байланысты барлық мәмілелерді жоюды талап еткен. 

"Біздің шатыршаның бәрі ресми түрде тіркелген. Кейінірек сізге жалға беруіміз мүмкін дейді. Бірақ қалай? Біз дәл осы жер телімін ресми түрде сатып алдық қой", – дейді кәсіпкер. 

Заңгер Сапарғали Құсайыновтың айтуынша, 1800-ге жуық жер иесін осындай тағдыр күтіп тұр. Оның ішінде ондағаны кәсіпкер, қалғандары қарапайым тұрғындар.

"Сотқа береміз, соттасамыз. Біз осында тұрамыз, тұрақты тұрғылықты жеріміз, тіркеуіміз бар, жеріміз тіркелген, бәрі бар", – дейді Бурабай ауылының тұрғыны Валерий Тищенко. 

жер телімін тартып алмақФото: Видеодан скрин

"Мемлекет маған жерді дұрыс бағалап, ақысын төлесе әрине, көшемін. Меніңше, олар бізге жамандық жасамайды. Көшуім үшін олар 50 миллион теңге беруі қажет", – дейді тұрғын Александр Тимошенко. 

Жер ресурстарын реттеу департаменті шағым Ақмола облысы прокуратурасының талап-арызымен берілгенін жеткізді. Олардың мәліметінше, жер телімдері ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңнаманы бұза отырып берілген. Талап-арызда 2022 жылы аудандық әкімдік пен мәслихат Бурабай кентінің шекарасын кеңейтіп, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына кіргені жазылған. Алайда бұл өзгерістер бас жоспар мен қала құрылысы құжаттамасында көрсетілмеген.

Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жер учаскесін пайдалануға беру құқығы болмаған. Сол себепті жерге қатысты құқық белгілейтін құжаттар заңсыз саналады және күшін жоюға жатады.

"Жер учаскелері қазіргі Жер ресурстарын басқару департаменті мен прокуратура сілтеме жасап отырған құжаттардан әлдеқайда бұрын берілген. 2022 және 2024 жылдардың 1997, 2001, 2006 жылдары берілген учаскелерге қандай қатысы бар? Егер бұл жерлер ұлттық паркке тиесілі болса, онда адамдарға жер қалай үлестірілді? Олар бұл жерде қазір басқа жер иесі, мемлекеттік ұлттық табиғи парк бар екенін көрмеді ме?", – дейді Ақмола облысы бойынша заң кеңесшілері палатасының заңгері Сапарғали Құсайынов. 

Облыстық прокуратураға ресми сауал жолданған. Бірақ олар да, жер бөлімі де, аудан әкімдігі де ресми түсініктеме беруден бас тартқан. Адвокаттың айтуынша, егер сот адамдардың шығынын өтеу туралы шешім шығарса, бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінуі керек.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 09:27
Талқылау