Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бумажный дом” жұлдызы Қазақстанға сәлем жолдады

Танымал испаниялық актер Мигель Эрран елімізге сәлем жолдап, Қазақстан шоколадын жеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Видеоны әлеуметтік желіде актриса Дина Тасболатова бөлісті. 

Қалың көрерменге испаниялық актер “Бумажный дом” туындысы арқылы кеңінен таныс.

Отандық актриса атақты актерлермен бірге Netflix ұсынатын фильмге түсіп жатыр.

“Мигель Эрран мен оның командасынан елімізге сәлем! Бұл жерде тек костюмер мен грим жасаушылар ғана болды. Қалғандарын түсіріп үлгермедім”, – деп жазды актриса. 



Айта кетейік, Дина Тасболат Netflix кинокомпаниясынан шақырту алған еді. 

“Біз Netflix-теміз. Енді осы жаңалықты бөлісе аламын. Жобаның түсірілімін Испаниядан бастадық. Сол жағымда режиссер – Мигель Анхель Вивас. “Бумажный дом” туындысын түсірген. Одан кейін, актер – Мигель Эрран. Бір жобада болғаныма қуаныштымын”, – деп жазды киножұлдыз. 
 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 05 Желтоқсан, 2024 13:24