Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Буллингтің алдын алуға көмектеседі": Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін берілетін сыйақы 30 пайыз өседі

Еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанда 220 мыңнан астам сынып жетекшінің өтемақысы 30% артатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Премьер-министрдің айтуынша, сынып жетекшілер мектептегі буллингтің алдын алуда үлкен рөл атқарады. Ал сыйақылар ұстаздарды оқушылар арасындағы жанжалдар мен төбелестерді бақылап жүргуге ынталандырады деп санайды.  

“Жалақыны кезең-кезеңімен көтереміз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр”, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды. 



Айта кетейік, бір жылда байланыс орталығының мамандары 18 500-ден астам әйел мен балаға көмек көрсетті. Барлық аймақта қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ BalaQorgauBot2.0 чат боты және Balakorgau веб-сайты бар.

Бұған дейін Қазақстанда тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25% өсетіні туралы жазған едік.

Талқылау