Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүлдіршін стоматологияға барғаннан кейін көз жұмды: Неге клиниканың лицензиясы тоқтатылмады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда жеке стоматологияда емделгеннен кейін комаға түскен қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүрегі тоқтап қалды: Шымкенттегі перзентханада жаңа туған нәресте көз жұмды

"Бұл іс бізде ерекше бақылауда болды. Өкінішке қарай, қыз көз жұмды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Комитет департаментінің осы стоматологиялық орталықтың қызметіне тыйым салу, лицензияны қайтарып алу туралы талап арызына 2020 жылғы 9 сәуірдегі сот ұйғарымы болды. Осы ұйғарымда лицензияны қайтарып алу қараусыз қалдырылсын деп көрсетілген. Бұл мәселе қарастырылмады және заңды күшіне енді", – деді Цой.

Сот залында ата-аналар медициналық ұйымға ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты және оның қызметін тоқтатпауды өтінгенін айтты Цой.

"Бірақ азаматтарымызға көрсетілетін кез келген бұзушылық не тиімсіз, уақтылы емес көмек фактілеріне шағым жасалуы мүмкін. Бізде медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті аумақтық департаменттері бар. Азаматтар өтініштерімен жүгінуге құқылы", – деді ол.

Еске салайық, тісін емдетуге барған Алиса Зеленаяға қате ем жасалып, 2019 жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылған. Салдарынан өкпесі қабынған. Осылайша, сегіз айдан бері ес-түзсіз жатқан уақытында елордалық 2 жасар сәбидің дертіне пневмония қосылды. Комада бір жарым жыл жатқан бүлдіршін жақында көз жұмды.

Талқылау