Бүлдіршін 16 сағат бойы коронавирустан көз жұмған анасының қасында болған
Америка Құрама Штаттарында жас бала коронавируспен ауырған анасының мәйітінің қасында шамамен 16 сағат уақытын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
42 жастағы маммолог-дәрігердің денесі үйінен табылды. Ол қайтыс болғаннан кейін өткізілген COVID-19 сынағы оң нәтиже берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел полицейлер келгенге дейін 12-16 сағат бұрын қайтыс болған. Сонымен қатар, ол уақытта үйде төрт-бес жасар бала болған.
Дәрігер жұмыс істеген аурухана барлық қызметкерлермен және науқаспен хабарласып, тексеру жүргізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 тудыратын жаңа коронавирустың пайда болатынын хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.
Талқылау