Бұл қыздың бір жыл ішінде қалай өзгергеніне жәй ғана көз салып шығыңыз (фото)
Ливерпулде тұратын Дженнифер Гинлидің Инстаграмдағы парақшасына 90 мыңнан астам адам жазылған. Ол күн сайын өз оқырмандарын таңғалдырудан жалықпай келеді.
Дженниферге жігіті енді-енді ұсыныс жасайын деп жүргенде, қыз олай істеуге тыйым салады. Өйткені, ол “семіз келін” атанғысы келмеді.
Ол кезде қыздың салмағы 120 келі еді. Демалыстан оралып суретіне қараған ол әрі қарай бұлай жалғастыруға болмайтынын түсінді. Осылайша еңбектенген Дженнифер бір жыл ішінде салмағының тең жартысын тастады.
Зиянды тамақтардан бас тартқан ол “Арықтаушылар әлемі” тобына қосылды. Онда адамдар артық салмақтан арылу жолында бір-біріне көмектесіп, өз блоктарында пайдалы әрі дәмді тамақтармен бөлісіп отыратын.
“Мен ол жерден арықтауға деген үлкен мотивация алдым. Барлығы мені қолдап, жылы пікір айтты”, – дейді Дженн.
Осындай ұзақ уақыт бойғы еңбектен кейін, Гинли “Талдырмаш ару 2017” атағын иеленеді. Бұл кезде оның салмағы 63 келіге дейін төмендеген еді.
Енді Дженнифердің сүйіктісімен бас қосатын уақыты да алыс емес. Жігіті де көптен күтіп жүрген “иә” деген жауапты жақын арада естиді.
Қыз артық салмақтан арылу жолында физикалық ғана емес, психологиялық күресті де басынан өткергенін айтады.
Бұл қиындық оның төзімді болып, өз-өзіне сенімді бола білуіне жол ашқан.