Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда қаза тапқан кеншілерге арналған жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kazakhstan-kmv.ru

28 қазан күні таңертең Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. 

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп бекітті. 

"Қарағанды ​​қаласында шахтаның жарылуы салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні жариялансын", - делінген жарлық мәтінінде. 

Бүгін еліміздің барлық аумағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиокомпаниялар хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады.

Талқылау