AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүгін мені іздемеңдер": Ерке Есмахан жас жігітпен көзге түсті

Жеке өмірі жиі талқыға түсетін Ерке Есмахан тағы да ел назарына ілікті. Бұл жолы жас өнерпазбен. Әнші әріптестері ұйымдастырған кештердің бірінде орындаушы Тұрармен (2rar) бірге көзге түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдымен жігіттің жүзін жасырып, суретін жариялаған Ерке: "Бүгін мені іздемеңдер", – деп жұртты қызықтырып қойды. Көп ұзамай "кеше не болғанын айтып беруге" бекінді.

"Продюсер Назира шығармашылық кеш жасады. Талантты қыздың бейнебаянының тұсаукесері болды. Құттықтаймын, Алиша. Әрі қарай Тұрардың жанды дауыстағы әндерін тыңдадық. Қызықты сәттер өте көп болды. 

Мирастың (Жүгінісов) 1 дана билейтін әніне жандырып тұрып биледік Әден Марғұлан екеуміз", –  деп бөлісті Есмахан. 



Бұдан кейін әнші Тұрармен вальс билеп жүрген сәтін жариялап: 

"Бұл жерде үндемегенім дұрыс-ау", – деп жазба қалдырды.

Видеода бақыттан бал-бұл жайнап тұрған қос орындаушыны көрген жұрт екеуінің жарасымды жұп болатынын айтып, бақыт тіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр