Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Чемпиондар Лигасының жаңа маусымы басталады

Фото: UEFA

Бүгін, 16 қыркүйекте, Чемпиондар Лигасы ресми түрде жаңа 2025/2026 маусымның топтық кезеңін бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсеке былтырғы жылдан бастап жаңа форматпен өтуде: бұрынғыдай төрт командадан тұратын топтар жоқ, енді 36 клуб бірдей "лига кезеңінде" сынға түседі. Әр команда сегіз матч ойнайды – түрлі себеттерден шыққан қарсыластарға қарсы, үйде және сырт алаңда.

Кезең қорытындысында үздік сегіз клуб бірден 1/8 финалға жолдама алса, 9–24 орын иелері плей-офф арқылы іріктеледі.

Негізгі күндер

Лига кезеңі 2025 жылғы 16 қыркүйектен 2026 жылғы 28 қаңтарға дейін жалғасады. Маусымның шешуші финалы көктемде Милан қаласында Джузеппе Меацца атындағы стадионда өтеді.

Бірінші тур ойындары

16 қыркүйек

  • "Атлетик Бильбао" — "Арсенал"

  • "ПСВ Эйндховен" — "Юнион Сен-Жиллуаз"

  • "Ювентус" — "Боруссия Дортмунд"

  • "Реал Мадрид" — "Марсель"

  • "Бенфика" — "Карабах"

  • "Тоттенхэм" — "Вильярреал"

17 қыркүйек

  • "Олимпиакос" — "Пафос"

  • "Славия Прага" — "Будё/Глимт"

  • "Аякс" — "Интер Милан"

  • "Бавария" — "Челси"

  • "Ливерпуль" — "Атлетико Мадрид"

  • "Пари Сен-Жермен" — "Аталанта"

18 қыркүйек

  • "Брюгге" — "Монако"

  • "Копенгаген" — "Байер Леверкузен"

  • "Айнтрахт Франкфурт" — "Галатасарай"

  • "Манчестер Сити" — "Наполи"

  • "Ньюкасл Юнайтед" — "Барселона"

  • "Спортинг" — "Қайрат"

Қазақстандық клубтың дебюті

Ерекше назар Лиссабонда өтетін "Спортинг" — "Қайрат" матчына аударылады. Алматылық клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, Португалияның дәстүрлі гранд командасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.

"Қайраттың" қарсыластары — 2025/26 маусым

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мынадай қарсыластармен кездеседі:

  • "Спортинг" (Португалия) — сырт алаңда, 1-тур (18 қыркүйек 2025 ж.)

  • "Реал Мадрид" (Испания) — үйде (30 қыркүйек 2025 ж.)

  • "Пафос" (Кипр) — үйде (21 қазан 2025 ж.)

  • "Интер Милан" (Италия) — сырт алаңда (5 қараша 2025 ж.)

  • "Копенгаген" (Дания) — сырт алаңда (26 қараша 2025 ж.)

  • "Олимпиакос" (Греция) — үйде (9 желтоқсан 2025 ж.)

  • "Клуб Брюгге" (Бельгия) — үйде (20 қаңтар 2026 ж.)

  • "Арсенал" (Англия) — сырт алаңда (28 қаңтар 2026 ж.)

Бұл матчтар "Қайраттың" тарихындағы ең ауқымды еурокубок маусымына айналмақ. Жанкүйерлер алматылық команданың Еуропаның алпауыт клубтарына қарсы қалай өнер көрсететінін асыға күтіп отыр.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 16 Қыркүйек, 2025 14:28
Талқылау