Брэд Питт өзі сүйген әйелдерге ұқсағысы келген: Фотограф мұны дәлелдеді (фото)
АҚШ-та тұратын фотограф Сара Макгонагалл Брэд Питтің фанаттарының көзін ашты. Ол әйгілі актердің жақын қарым-қатынаста болған әр сүйіктісіне ұқсағысы келгенін фотосуреттер арқылы дәлелдеді. Америкалық әйел Брэд Питтің сүйіктілерімен түскен суреттерін жариялаған соң, көпшіліктің көкейінде бір ғана сұрақ қалды: “Біз мұны қалай байқамағанбыз?”
Бұл туралы мақала Daily Mail басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сара Макгонагалл 2006 жылы жарыққа шыққан газет қиындысын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сол шақтың өзінде-ақ журналистер Брэдтің бойынан осы қасиетті байқаған көрінеді. “Брэд: Өзінің сүйікті әйелдеріне ұқсағысы келетін еркек” – осыдан 12 жыл бұрын жарыққа шыққан мақаланың тақырыбы осындай.
Мәселен, 80-жылдардың соңында актер “Даллас” телехикаясының жұлдызы Шэлейн Макколлмен кездескен. Мына фотода жұптың киіну стилі мен шаш үлгісі ұқсас.
Ал бұл сурет бірнеше жылдан кейін түсірілген. Мұнда Питт актриса Джульет Льюспен жақын қарым-қатынаста. Төмендегі кадрда жұптың қимыл-қозғалысына дейін бірдей болып қалған.
Ал мына сурет 90-жылдардың ортасында түсірілген. Мұнда Брэд Питт пен Гвинет Пэлтроу – классикалық киім үлгісінде әрі шаш үлгілері ұқсас.
90-жылдардың соңында Брэд Питт пен актриса Дженнифер Энистонның арасында махаббат сезімі болған. Сол шақта Питт шашының үлгісін әдейілеп бейберекет стильде жасатқан ұқсайды.
Брэд Питтің сүйікті әйелдеріне ұқсағысы келгеніне әлі де сене алмай отырсыз ба? Актердің Анджелина Джолимен түскен кезекті суреті күмәніңізді сейілтеді.
Фотограф Сараның посты көпшілік үшін жаңалық болды. Жазбаны бір күнде 200 мыңнан аса адам бөліскен.
Желі қолданушыларының бір тобы Питт өзін-өзі қабылдай алмағандықтан, әйелдерге ұқсағысы келген деп сынаса, ендігілері мұның себебін басқадан іздеген.
“Жалпы табиғаттың заңдылығы сондай. Танымал жұлдыздар емес, қарапайым адамдарға қараған кезде де, ерлі-зайыптылардың бір-біріне ұқсайтынын байқайсың”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.