Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Британиялық әйел өлген адамның сүйегінің күлінен шыршаға арналған ойыншықтар жасап жүр, – деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеп Stan.kz.

Бернли қаласының тұрғыны Ширли Холдсуорт 2016 жылдың мамыр айында әкесі қайтыс болғаннан кейін шыршаны безендіруге арналған ойыншықтар жасай бастаған.

«Мен бұл ойыншықтарды өз ұлын, қызын, ата-анасын, тіпті, итін жоғалтқан адамдарға арнап жасадым», – дейді Холдсуорт.

Әйел ішіне күл салынған ыдысты жүрек пішінді мөлдір қалыпқа салып, оған қайтыс болған адамның есімін жазып, ойыншықтарды қауырсынмен толтырады екен. Холдсуорттың айтуынша, осы уақытқа дейін өлген адамның сүйегінің күлінен 75 ойыншық жасапты.

Холдсврорс тапсырыс берушілердің үйіне өзі барып, ойыншықты жеткізіп береді екен. Бір ойыншықтың құны 3 фунт стерлинг (шамамен 1350 теңге) тұрады. Әйелдің айтуынша, бұл ақша ойыншықтың жасалуына жұмсалады.

«Мен қайтыс болған адамдарды пайдалану арқылы ақша тапқым келмейді», – дейді әйел.

Алайда Ширлидің анасы қызының бұл ісін қолдамайды екен. Тіпті, қызы қайтыс болған әкесінің сүйегінің күлінен жасалған ойыншықты тарту еткенде, қабылдамай қойыпты. Ал Ширлидің ойынша, анасы мәйіттің күліне қарағысы келмегендіктен, мұндай сыйлықтан бас тартқан.

Оқи отырыңыз:

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Жүкті әйел өртеніп жатқан үйден той көйлегін алып шықпақ болған

2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды

Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Талқылау