Британиялық әйел 5 жасар ұлын әлі күнге дейін емізеді (фото)
Адель және Мэтт Аллен баланы тәрбиелеуді шынайы түрде қолға алған. Олар өз балаларының есейіп қалғанына қарамастан әлі күнге емшек сүтімен қоректендіріп келеді.
32 жастағы Адель мен 33 жастағф Мэтт бала тәрбиесінде ерекше тәсілге ден қойған. Олардың 5 жасар баласы Улисс мен бір жастағы Остар емшек сүтін қорек етеді. Оларды ата-анасы ешқашан дәрігерге көрсетпепті. Олар тіпті оқу ордасына да бармайды.
Адель екі баласын да ешқандай дәрігердің көмегінсіз өзі туған. Қасында тек күйеуі болыпты. “Аурухана босану деген ой маған көптеген себептерге байланысты ұнамады”, – дейді ол.
“Екі рет босану кезінде де кіндік өз бетімен түсіп қалу үшін алты күн керек болды. Оны таза жерде шыдап ұстай тұрса, өзі-ақ түсіп қалады. Бұл нағыз қауіпсіз нәрсе екен”, – дейді әйел.
Ал бес жастағы ұлын әлі емшек сүтімен қоректендіріп келеді. Бұл табиғи нәрсе, еш зияны жоқ деп санайды жұп. Тек ұлдары қай кезде бас тартады, тек сол кезде ғана тоқтатпақ.
Ұлы мен қызы ешқашан дәрігер алдына барып, вакцина алып көрмепті.
Ол балаларын бірінші кезекте табиғи ана сүтімен, ал ыстығы көтеріліп ауырып қалса дәрілік шөптермен емдейді. Лимонды шырын да пайдалы дейді.
Балалары мектепке де бармай, оның орынына уақыттарын табиғат аясында өсімдіктерді зерттеп өткізеді.
Ата-анасы оқу мен жазу өмірлік маңызы бар екенін білсе де, балаларын бұған күштеп әкелгісі келмейді. Бес жастағы Улисс тек негізгі әріптер мен сандарды біледі.
Балаларын басқаша өсіріп жатқан әйел интернетте жеке блог жүргізеді. Келіп түсетін жағымсыз пікірлерге қарамастан, өз тәсілінен ешқашан айныған емес.
Қазір отбасы Коста-Рикаға барып экологиялық таза өмір сүру үшін ақша жинап жатыр.