Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда рактан көз жұмған 14 жастағы қыздың денесін қатырып қоятын болды

Рактан көз жұмған 14 жастағы британиялық өз денесін криогендік тоңазытып қою құқығына ие болды. Шешімді Лондонның Жоғарғы соты шығарған.

1479447440_dvuhletnyuyu-devochku-zamorozili-v-tailande_-2

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

“Мен ұзақ өмір сүргім келеді және мен болашақта ғалымдар рак ауруын емдейтін дәрі табады және мені оятады деп ойлаймын. Криогендік қатырып қою менің мейлі жүз жылдан соң болса да оянуыма мүмкіндік береді. Сондай мүмкіндік болғанын қалаймын”, – деп жазған қыз судья Питер Джексонға жазған хатында.

Бұл сөздерді оқып тебіренген судья Ұлыбритания түгілі, әлемдегі алғашқы таңқаларлық шешімді шығарған. Бұл процесті жасау үшін қайтыс болған қыздың отбасы 37 мың фунт стерлинг жұмсайды.

Қыз ата-анасымен келісе алмаған соң, сотқа хабарласқан.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жалаңаш қазақ қыздары ер азаматтарға массаж қызметін ұсынуда (видео)

Полицейлердің өзін ұрған бұзақылар жұртты шошытты (видео)

Ұлттық банк қол қойылмаған 1000 теңгеліктердің жарамды екенін мәлімдеді

Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңғалдырды (видео)

Талқылау