Британияда 5 жасар бала «киндер-сюрприздің» ішінен есірткі тауып алды
Солтүстік Ирландияда тұратын бес жасар бала «киндер-сюрприз» жемек болып, ішін ашады. Бірақ, бұл тәттінің ішіндегі пластиктің арасынан әдеттегідей ойыншық емес, ақ ұнтақ шықты.
Сурет: zavhoz-mk.livejournal.com
Тосыннан тап келген мұндай сыйды балақай әкесіне, ал әкесі болса, полицияға тапсырыпты. Қазір полицейлер осы жәйтке байланысты тергеу амалдарын бастады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «киндер-сюрпризден» метамфетамин есірткісі шыққан.
Талқылау