"Бриллианттарды жақсы көремін": Гүлзира Айдарбекова гардеробын көрсетті
Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына қымбат бұйымдарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесі “Әсембике” бағдарламасында қонақ болып, осы күнге дейін жинаған жеке бұйымдарының сырын ашты.
“Иіссуларды өте қатты жақсы көремін. Массаж құралдарын да жинағанды ұнатамын. Коллекция деп айтсам болады. Бір бөлмеде 3-4 массаж жасайтын құралды көресіз. Астанадағы ұлымның үйінде де бар. Қайраттың бөлмесінде де бірнешеуі тұр. Гардеробым қатты үлкен емес. Екі қаладағы үйімізде де гардеробым бар. Орын алып тұрғандардың дені – сахналық киімдерім. Отандық дизайнердің қолынан шыққандар. Қыз ұзатамын, келін кіргізіп, тұсау кескенде осы көйлектерімді киіп шығамын. Италиялық бренд киім де көп. Көріп тұрсаңыз аяқ киім де көп. 5-7 см ғана биік өкше киемін. Жемпір кигенді жақсы көремін. Бір киімді қатты ұнатсам, тастамай киіп жүремін. Мен киімнен гөрі бриллиант жиынтықтарға қызығамын. Өзім сыйлыққа алғанды жақсы көремін. Сыйлағанды да жақсы көремін. Сосын иіссуларға қызығамын. Ашылмаған күйі қаншама әтірлерім тұр”, – деді продюсер.
-
"Мен оригинал Гүлзирамын": Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді
-
"15 жыл алғандай жоқтады": Заңгер Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың анасына ескерту жасады
Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы сыйлық сыйлағанды жақсы көретінін айтты. Сол үшін бизнесс класпен де ұшпайтынын жасырмады.
“Мен тіршіліктен қатты шаршағанда массаж бен монша іздеймін. Сосын жақындарыма сыйлық алып, шоппинг жасағанды ұнатамын. Келіндерім мен абысындарыма аламын, оның балаларына да апарамын. Барған жерімнен сөмке-сөмке болып, базарлық тасимын. Нұрекең сол үшін жиі ұрсады. Сенсеңіз, қазір бизнес класпен де ұшпаймын. Бәрі "неге" деп таңғалады. Неге десеңіз, мен қазір 35 мыңға эконом классқа билет алсам, бизнес класстың бағасы шамамен 85 мың теңге болады, арасында 50 мың теңге айырмашылық бар. Одан да қазір эконом класпен ұшып, барған жерімдегі балаларға қалған 50 мың теңгені таратып бергенім немесе базарлық алғаным жақсы”, – деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Айта кетейік, продюсер қамалған ұлы Қайрат Нұртас жайлы кітап жазғысы келгенін айтқан еді.