Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан көз жұмғандардың саны жүз мыңнан асты: Бразилия өлім көрсеткіші бойынша әлемде екінші орынға шықты

Бразилия әлем бойынша коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен екінші орынға шықты. Қазіргі таңда  мемлекетте қатерлі аурудан ажал құшқандардың саны 100 мыңнан асып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail  басылымына сілтеме жасап. 

Бразилия

210 миллион тұрғыны бар бар мемлекетте коронавирус мамыр айынан бері күніне мың адамның өмірін індет қиюда. Өткен сенбінің мәліметтеріне сәйкес, бір күнде 50 мыңға жуық ауруды жұқтырған науқас, көз жұмған 905 адам тіркелген.  Қазіргі таңда Бразилияда коронавирусқа шалдыққандардың саны үш миллионнан, марқұмдардың саны жүз мыңнан асқан. 

Айта кетейік, Бразилия індеттен көз жұмғандардың саны 162 441 адамға жеткен АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 

Джонс Хопкинс университенінің мәліметінше, үшінші орынға 52 006 өлім дерегі тіркелген Мексика табан тіреген. 

Сарапшылар Бразилия індетке шалдыққандардың статистикасы әлдеқайда төмендетілгенін айтады. 

Коронавирус ахуалына айтарлықтай назар аудармаған Бразилия басшысы Жаир Болсанару халықтың сынына қалды. 

БолсанаруБразилия президенті Жаир Болсанару

"Мен аурудан көз жұмған әрбір 100мың адамның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Біз бұл мәселені шешеміз деген ойдамыз", - деп жазыпты Болсанару желідегі парақшасында. 

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары, дәрігерлер Бразилияның ауруға қарсы жоспары жоқ екенін айтады. 

"Біз өлім-жітім деңгейі қашан басыларын білмейміз. Бәлкім көз жұмғандардың саны150-200 мыңға дейін барады", - дейді инфекциялық аурулар дәрігері Александр Найме.

Covid-19 құрбандарын еске алу мақсатында мемлекеттік емес Rio de Paz ұйымы бразилиялық танымал Копакабан жағажайында крест орнатып, әуеге мыңдаған қызыл шарлар ұшырды. 

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Бразилия президенті үш рет денсаулық сақтау министрі ауыстырған. Бұған қоса мемлекет басшысы да коронавирус індетімен ауырып, жазылып шыққаны белгілі. 

Талқылау