Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбиядағы ұшақ апатынан 6 адам аман қалды

Бразилиялық футболшылар мінген ұшақ Колумбияда әуе апатына ұшырады. Олар Рионегродағы Хосе Мария Кордова әуежайына қонуы тиіс болатын.

1482380158

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Алдын-ала деректер бойынша ұшақ бортында 81 адам болған. Олардың 9-ы экипаж мүшелері. Ұшақ ішінде сондай-ақ, Бразилияның жоғарғы дивизионында ойнайтын “Шапекоэнсе” командасының мүшелері, клуб басшылығы, бапкерлік штаб өкілдері, техникалық қызметкерлер және журналистер мен үш қонақ болған.

Соңғы деректер бойынша оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар 15 адамды құтқарған. Сонымен қатар, тағы 10 адам ауруханаға жеткізілді деген дерек бар. Әзірге жасалған болжам бойынша ұшақ отын жетіспеушілігінен құлауы мүмкін. Әлеуметтік желідегі оқиға орнынан түсірілген суреттер де пайда болды.

5555

Тірі қалғандардың арасында команданың қорғаушысы Алан Рушел бар көрінеді. Дәл қазіргі таңда климаттық жағдайға байланысты құтқару операциясы кешеуілдеп жүріп жатыр.

Футбол командасы 30 қараша күні Оңтүстік Америка кубогы жолында “Атлетико Насьональ” клубымен кездесуі тиіс болатын.

Оқи отырыңыз:
Талқылау