Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025: әлеуметтік медиа аналитикасы коммуникация мен бизнесті қалай өзгертуде
17 қыркүйекте Алматы қаласында Brand Analytics компаниясы ұйымдастырған әлеуметтік медиа аналитикасына арналған Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025 атты екінші салалық конференция InterContinental Almaty бизнес-қонақүйі өтті.
2024 жылы конференция индустрия үшін жаңа кәсіби алаң ретінде өзін таныстырған болса, биыл ол өзектілігін сенімді түрде дәлелдеді. Зал толы болды: ірі брендтердің басшылары мен топ-менеджерлері, PR-директорлар мен маркетологтар, клиенттерге қызмет көрсету мамандары және БАҚ өкілдері жиналып, басты мәселені талқылады — әлеуметтік медиа аналитикасы тиімді коммуникация құрудың іргетасына айналып келеді.
Қазақстан аудиториясы: тіл, мінез-құлық, трендтер
Конференция Brand Analytics компаниясының жаңа зерттеуінен, “Қазақстандағы әлеуметтік желілер: сандар мен трендтер, 2025 жылдың күзі” атты баяндамамен басталды. Басты қорытынды — әлеуметтік желілерде қазақ тілін қолдану өсіп келеді. Facebook-те аудиторияның 41%-дан астамы қазақ тілін, ал 31%-ы орыс тілін таңдайды. YouTube-та әлі де орыс тіліндегі контент басым — 74,3%, ал қазақ тілінде жасалған бейнелердің үлесі — 12,5%. Instagram-да да орыс тілі басым (37,6%), бірақ қазақ тіліндегі контенттің үлесі 16%-дан асып отыр.
Brand Analytics стратегиялық коммуникациялар директоры Василий Черный:
“Біз екінші жыл қатарынан Қазақстанның әлеуметтік желілерінде қазақ тіліндегі жарияланымдардың үлесі артып келе жатқанын байқап отырмыз. БАҚ редакциялары, SMM-бөлімдер мен корпоративтік медиалар қазақтілді аудиториямен жұмыс істейтін жеке командалар құрып жатыр.. Қазақ және орыс тілдеріндегі контент бір-бірінен ерекшеленуі тиіс, өйткені бұл аудиториялардың күн тәртібін қабылдау талабы әртүрлі. Ұлттық өзіндік сана-сезімнің арту үрдісі барған сайын айқын байқалады, сондықтан брендтер өз аудиториясымен тікелей де, ауыспалы мағынада да “бір тілде” сөйлесу үшін осы мәдени трендтерді ескеруі қажет”.
Brand Analytics серіктестері — Alvin Market компаниясының зерттеуі де аудиторияның қызығушылығын тудырды. Ол жасанды интеллекттің тұтынушы мінез-құлқына әсеріне қатысты.
Зерттеу компаниялары тобының директоры Наталья Оспанова атап өткендей, қазақстандықтар тауар мен қызмет таңдауда жасанды интеллектті жиі қолдана бастады, бұл тұтыну әдеттерін өзгертуде. Қазірдің өзінде 64% пайдаланушы сатып алу алдында ЖИ-мен кеңесуге дайын, әсіресе электроника, туризм, тұрмыстық техника, білім беру курстары мен қаржы өнімдерін таңдап жүр. Бұл зерттеу технологияларға деген сенімнің артып келе жатқанын және олардың тұтынушылық шешімдерге ықпалын айқын көрсетеді.
“Трендте болу: 2026 жылы маркетологтар мен PR-мамандар қалай жұмыс істеуі керек?” атты пікірталас панелінде жанданды. Қатысушылар: Мира Халина (KURSIV.MEDIA), Майра Салыкова (Media System Group), Максим Оларь (Freedom Telecom), Русланбек Рахмонов (UZUM), Ольга Андреева (Brand Analytics), Евгений Кузнецов (Сидорин Лаб) және Александр Лихтман (ITCOMMS).
Сарапшылар жылдам өзгеріп жатқан цифрлық ортада коммуникациялардың рөлі қалай трансформацияланып жатқанын талқылады. Олар тағы да қос тілді стратегиялар мен контентті мәдени тұрғыда бейімдеудің маңызын атап өтті. Осы тұрғыда Brand Analytics жүйесінің қазақ және өзбек тілдеріндегі интерфейсінің қолжетімділігі — көптеген компаниялар пайдаланатын мониторинг жүйесі үшін маңызды қадам екені айтылды.
Пікірталастың басты қорытындысы — әлеуметтік медиа аналитикасы бүгін PR-командаларға тек тактикалық емес, стратегиялық міндеттерді де шешуге мүмкіндік береді. Бұл — қазіргі коммуникация саласындағы ең өзекті сұраныс.
Әлеуметтік медиа мен БАҚ аналитикасының жаңа мүмкіндіктері — Brand Analytics жүйесі
Түстен кейін Brand Analytics жүйесінің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Презентацияны компанияның Орталық Азиядағы коммерциялық департаментінің басшысы Марина Черномазова мен сату бөлімінің жетекшісі Наталья Веселкина өткізді.
Олар мысал ретінде еліміздегі ең ірі бөлшек сауда желісі — Magnum Cash&Carry компаниясын алып, небәрі бірнеше қадамда тұтынушылардың теріс пікірлерін анықтау, қызмет сапасын жақсарту мүмкіндіктерін табу, тауар ассортиментіндегі мәселелерді байқау және өз көрсеткіштерін бәсекелестермен салыстыру тәсілдерін көрсетті.
Кейстер: брендтер мен агенттіктердің тәжірибесі
Бағдарламаның негізгі бөлімі қазақстандық брендтер мен коммуникациялық агенттіктердің нақты тәжірибесіне арналды — олар әлеуметтік медиа аналитикасының бизнес-міндеттерді шешудегі рөлін көрсетті.
TSPM маркетинг бөлімінің басшысы Надежда Рязанцева “Қазақстандағы маркетологтардың басты проблемасын қалай шештім” атты кейсін ұсынды. Ол ірі блогерлермен, микроинфлюенсерлермен және наноинфлюенсерлермен жұмыс істеудің тиімділігі туралы нақты деректермен бөлісті. Желі талдауы көрсеткендей, тұтынушылардың 92%-ы блогерлер жарнамасынан гөрі пайдаланушылардың өз контентіне (UGC) көбірек сенеді. Сондықтан UGC-ке басымдық берген брендтер шығынды азайтып, нәтижені арттыра алады — өйткені шынайы ұсыныстар кез келген жарнамадан жақсы жұмыс істейді. Надежданың кеңесі: микроинфлюенсерлермен жұмыс істеу, ал оларды таңдап, нәтижесін бақылау — Brand Analytics жүйесі арқылы жүзеге асыру.
ITCOMMS PR агенттігінің негізін қалаушы Александр Лихтман “Айтар ештеңе жоқ кезде PR қалай жасауға болады” атты кейсін ұсынды. Ол Brand Analytics жүйесін пайдаланып, күтпеген ақпараттық себептерді табуға болатынын көрсетті. Мысалы, Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті кезінде оның мойнына өрмелеген шегірткеге қатысты эпизод әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан туралы барлық жарияланымдардың 18%-ын қамтамасыз еткен — бұл 3,6 мыңнан астам материал мен 39 миллион адамдық қамту. Бұл талдауға қазақстандық жетекші медиалар назар аударды. Тағы бір қызық мысал — “Орталық Азиядағы стартаптар саласындағы ең танымал қазақстандықтар” рейтингі. Бұл рейтингті Лихтман Brand Analytics мониторинг жүйесі арқылы дайындап, оны жетекші БАҚ жариялап, клиенттерінің имиджін нығайтуға ықпал етті.
Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025 конференциясы әлеуметтік медиа аналитикасы енді тек PR мен маркетинг құралы ғана емес, бүкіл бизнес үшін стратегиялық шешімдердің көзіне айналғанын көрсетті. Бұл шара цифрлық трансформация дәуірінде аналитиканың компанияларға тұрақтылық сақтауға, клиенттерге жақын болуға және өз болашағын басқаруға көмектесетінін дәлелдеді.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
