Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Браконьерлер тобы 3 мың ақбөкенді өлтірді: Президент тоқтау салуды тапсырды

Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері кемінде 3 мың ақбөкенді өлтірген топты ұстады.

Браконьерлер тобы 3 мың ақбөкенді өлтірді: Президент тоқтау салуды тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Браконьерлер табиғаттың мұрасы - ақбөкенді аулауды жалғастыруда. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері кемінде 3 мың Ақбөкенді өлтірген банданы ұстады», - деп жазды Қазақстан президенті.

«Браконьерлерді заң бойынша қатаң жазалау керек. Құқық қорғау органдары заңсыз аулауды тоқтатуы керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін ҚР ҰҚК қызметкерлері ақбөкен мүйіздерін заңсыз әкететін қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарланған болатын.
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Қазан, 2019 13:54
Талқылау