Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салынбақ". Министрлік халық наразылығына жауап берді

Желіде Маңғыстау облысындағы үстіртте Бозжыра шатқалында қонақ үй салынады деген ақпаратқа қатысты наразылық туындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  Facebook қолданушысы Мирас Шекенов жазды.

"Миллиондаған жыл бойы табиғат осы ерекше, жұмбақ жер үсті ландшафтын жасады. Бозжыра Қазақстанның символдарының біріне айналды, мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер өркениеттің қолы жетпеген керемет сұлулықты тамашалауға келеді.

Кенеттен, осы табиғи сұлулықтың ортасында олар құрылысты ұйымдастыруға шешім қабылдады", - деп жазды ол.

Желі қолданушысы туризмді мұндай жолмен дамытудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның пікірінше, ерекше табиғи көрікті жерлер миллиондаған жыл бойы сақталған, сондықтан бүкіл туристік индустрия шатқалдың сыртында салынып, сол жерден адамдарды экскурсияға апаруы керек.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әлеуметтік желілердегі қазақстандықтардың сауалына жауап берді. 

"Маңғыстау облысындағы Бозжыраға құрылыс салу бойынша аталған нысан қоғамдық тыңдалымнан, тиісті мемлекеттік органдарда экологиялық сараптамадан, оның ішінде қазақстандық заңнама нормаларына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудан (ҚОӘБ) өтуі тиіс.



Бұл жағдайда құрылыс салу және жоба сараптамасынан өту ережелерін сақтау бойынша бақылауды жергілікті атқарушы органдар, атап айтқанда, осы өңірдегі әкімдіктер жүргізеді", - деді министрлікте.

Қазір "Бозжыра елді мекенінде қонақ үй салу мәселесі" деп қосты. Шенеуніктер "туристер түні бойы тұра алатын тұрғын үй салу" жоспарлануда дейді.

"Қорықша аумағында құрылыс объектілеріне жер учаскелерін бөлу ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыреті болып табылмайды.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қарақия ауданы әкімі Бозжыра елді мекеніне 80 га бөлу туралы қаулысы әзірленуде.

Экология министрлігі, оның ішінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын болады", - деп атап өтті Экология министрлігінде.

"Бұған дейін жергілікті экологтар Маңғыстау облысының табиғи көрікті жерлерін аралағаннан кейін ұқыпсыз туристер қалдыратын қоқыстың проблемасын көтерген еді. Бұл проблема Қазақстанның барлық өңірлері үшін өзекті. Осыған байланысты Экология министрлігі азаматтардың назарын табиғатта демалу кезінде тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігіне аударады. Экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жазаны қатайту бойынша нормалар ҚР Экологиялық кодексінің жобасында қарастырылған, ол қазір ҚР Парламентінде қаралуда", - деп қорытындылады Экология министрлігі.


Павлодарда наразылық білдірушілер орыс тілін ресми мәртебесінен айыруды талап етті 


"Бұған дейін жергілікті экологтар Маңғыстау облысының табиғи көрікті жерлерін аралағаннан кейін санасыз туристер қалдыратын қоқыстың көп мөлшерін көтерді. Бұл проблема Қазақстанның барлық өңірлері үшін өзекті. Осыған байланысты Экология министрлігі азаматтардың назарын табиғатта демалу кезінде тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігіне аударады. Экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жазаны қатайту бойынша нормалар ҚР Экологиялық кодексінің жобасында қарастырылған, ол қазір ҚР Парламентінде қаралуда", - деп қорытындылады Экология министрлігі.

Айта кетейік, "Бозжыра" жергілікті маңызы бар "Жабайұшқан" қорықшасының аумағында орналасқан. "Жабайұшқан" қаумалы Маңғыстау облысы әкімінің 31.07.2012 жылғы №182 қаулысына сәйкес құрылған және Маңғыстау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне жатады. Ауданы  -316 141 га, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында орналасқан.

STAN.KZ
Жексенбі, 08 Қараша, 2020 17:29
Талқылау