Бойжеткен жігітін қызғанам деп адам өліміне апаратын ауруға шалдықты
Жігітке деген қызғаныш сезімі бойжеткеннің энцефалит ауруына шалдығуына себепші болды.
Британдық Иви Мур Страуд қаласының тұрғыны. 2015 жылы сүйіктісінен күмәндана бастаған. Ол жігіттің өзге қызбен сөйлесіп жүргенін біледі. 20 жастағы Мур өзін жайсыз сезініп, бұрын болмаған жайсыз күйді бастан кешеді.
Сол жылы қыркүйекте тұмаумен ауырады. Сүйіктісі жанында болмағандықтан ата-анасына хабарласады. Ата-анасы қызының жағдайы жақсы емес екенін түсініп, үйіне алып кетеді. Бойжеткеннің денсаулығы күрт өзгере бастайды. Ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақырады. Бойжеткенді дефибриллятор көмегімен аман алып қалды. Оны ауруханаға жатқызып, екі күн жасанды тыныс алдырды. Бойжеткен есін жиып, бір апта ата-анасын танымай қалды. Кейін жазылған соң үйіне жіберілді.
Бірнеше күннен кейін Мур өзін жайсыз күйде ұстай бастады. Ол пәтерден шығуға, теледидар көруге қорқып қалды. Өзіне бәрі қарап тұрғанай болды. Түннің бір уағында анасы көз жұмғаны туралы түс көріп, шошып оянды. Бойжеткен ауруханаға барғанда оған психоз диагнозын қояды. Бірнеше аптадан соң энцефалит дерті әсерінен көзіне әлдене елестеп, дереализация болғанын айтады.
Ол ауруханада жатқанда жігіт айырылысқысы келетінін айтады. Ата-анасы оны қолдаумен болды. Мурды 9 күннең соң ауруханадан шығарды. Бір ай бойы көзіне әлдене елестеп жүрді. Дәрігерлер берген стероид әсерінен 40 келі салмақ қосты.
Қазір Мур туристік агенттікте жұмыс істейді. Ол өзіне жақсы жігіт тапқан. Жігіті ауруы жайлы біледі. Бойжеткен ауруы салдарынан түрі қатты өзгеріп кеткенін айтты. Қызғаныштың кесірі адамға зиянды екенін айтып, өзгелеруге сабақ болсын дейді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
