Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен: Тоқал аламын деп емес, тоқал алдым деп айқайлайықшы

Қазір барлық жерде келсін, келмесін айтыла беретін “жауыр” тақырыбына айналды. “Тоқал аламын” деп таңдайды кептіре бергенше, “тоқал алдым” деп бүкіл әлемге жар салса құптайсыз ғой. Ал алмай жатып, ауызды құрғақ шөппен сүрткенмен не пайда?

токал0410

Фото со съемок фильма “Токал”

Тоқал алса, қоғамдағы бүкіл тауқімет пен мәселе шешімін табардай?! Адамның ой-өрісі кеңейе бастаған сайын қоғам “тоқалданып бара ма” дерсіз, деп жазады Facebook прақшасында Қарлығаш Нұрбай есімді бойжеткен.

“Қазақтың саны деп жандарыңыз ашыса, неге ата-ана мейірімін аңсаған, ата-ананын жанжылуын күткен балалар үйіндегі балаларды бауырға баспасқа? Анасы тасбауыр делік. Ал әкесі Қазақстанның 17 млн ішінде жүрген еркектің бірі шығар? Неге басқа ұлтқа үйленіп жатқан жігіттерге де тосқауыл қоймасқа? Өзге ұлтқа үйленді деген сөз, бір қазақ қызы кәрі қыздар қатарына қосылды деген сөз.

Қазақтар неге көбеймейміз деп дабыл қаққанша, шетелге сатылып жатқан балалар да қазақтың санын азаюына әкеле жатыр деп неге шара қолданбаймыз? Тастанды балалардың көбеюіне атсалысқанша, одан құтылудың жолын неге іздемеске? Қазақ қызы “ақымақ”, “тәрбиесіз” екен. Ал жігіт ақылы “айдан асады” екен, онда неге жетімнің санын көбейтіп, есі кетіп жүр? Қазақтың саны тоқал алумен шешіліп қояды десеңіздер қателесесіздер! Тоқал алып, бір-екі баладан артық туғыза алмағандар да бар. Біреулер ұқсап, нәтижесіз “аттандай” бермей әрекет жасап, “тоқал аламын” деп емес, “тоқал алдым” деп айқайлайықшы!

Қазақтың саны арта берсін! Әкелерімізді құрметтейік, аналарымызды ардақтайық, қыздарымызға қорған болайық, қорған болар жігітті қадірлейік!”, – депжазады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Қазақ қызы отбасылы азаматқа тоқал болудың тиімділігін тізіп берді

24 жастағы бойжеткен байқаусызда 68 жастағы өзінің туған атасына күйеуге шыққан

Талқылау