Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен күйзеліспен күрестің нәтижесінде бөлмесі қалай өзгергенін көрсетті

Англияның Сиан Маклин есімді тұрғыны үнемі қобалжулы күйде жүреді екен. Соның салдарынан бойжеткен тіпті күнделікті істерді атқара алмай жүріпті. Маклиннің мазасыздығы одан сайын артып, сол себепті оның ұйықтайтын бөлмесінің астан-кестені шығып жататын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Британдық бикеш ақыр соңында өзінің күйзелісін жеңе алыпты. Оның беймазасыздығы кеткендіктен, жатын бөлмесі де жиналыпты. Ол өзінің бөлмесінің суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Осылайша боейжеткен басқаларына сабақ болғысы келіпті. 

Сөзінше, адамның қолынан бәрі келеді. Бұрын мазасы қашып, ешнәрсеге зауқы соқпай тұрады екен. Сол себепті ол өз үйін жинамай, аласапыранның ішінде тұра беріпті. 

"Бүгін мен өзімді қолыма алдым. Бір күн ішінде орын алған өзгерістер менің көңілімнен шықты, алдағы уақытта атқаратын көп жұмыс бар", - деп жазды Маклин. 

 

Оның желідегі оқырмандары қыздың бұл шешіміне қуанып, жылы лебіздерін білдіріп жатты. 

"Жарайсың! Күйзеліске төтеп бере алдың. Ол сені жеңе алмады", "Сен мені шабыттандырдың"- деп жазыпты олар. 

 

 

 

STAN.KZ
Жексенбі, 05 Қаңтар, 2020 13:49
Талқылау