Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен: Көзімдегі ісікті кірпікке арналған желімнен деп ойласам, қатерлі ісік болып шықты

19 жастағы Меган отаға дейін кірпік жалғап, ұзын шашпен жүргенді жақсы көретін. Дәрігелер оның  өміріне араша түскеннен кейін, ол үшін соншалықты маңызды болған нәрселер жәй ғана арман болып қалды.

 

Бұл туралы Metro хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бастапқыда Меганның  ата-анасы қыздарының көзіндегі ісікті  кірпікке арналған желімнен деп ойлаған. Кейін Меган бір бір ай бойы кірпік жалғатпай, көз бояйтын далапты қолданса да, ісік кетпеген. Желтоқсан айында ол аурудың себебін анықтау үшін дәрігерлерге жүгінген.

Алайда окулисттер Меганның  көру қабілеті  нашарламағанын мәлімдеген. Олар қызды тексеру барысында көрсеткіштертің қалыпты екенін  айтып, оны  Англияның Портсмут қаласындағы Квин Александрдың ауруханасына жіберген.  Онда Меган он сағат бойы дәрігердің бақылауында болды. Тек тексерудің соңында ғана қыздың басында фиброма бар екені анықталған.

«Хирургтар көзімдегі ісіктің қауіпті еместігін айтқанда  жаным тынышталды. Бірақ олар шашымды алып тастауға мәжбүрлеп, көңілімді түсірді. Мен ұзын шашымды қатты жақсы көретінмін»,- дейді Меган Боркер.

Дәрігерлер Меганның бас сүйегіндегі ісікті кесіп тастауға мәжбүр болған. Алты сағатқа созылған ота сәтті өтті.

Енді қызға жарты жылдай көлік жүргізуге және екі ай бойы жұмыс істеуге болмайды.  Отадан кейін ұзын шашынан айырылған Меган, оны қайтадан өсіруді армандап отыр. Ол қатерлі ісікке шалдыққанына емес, шашы мен кірпігінен айырылғанына алаңдаған.

Жіберіп алмаңыз:

Ендігі АҚШ-та мұғалімдер мектепте қару алып жүретін болады

Африкада 200-ге жуық адам шұжықтан уланып қайтыс болды

Әйелінің көзіне шөп салып жүрген ер адамның өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото)

АҚШ-та қазақстандық азамат қаза болды

STAN.KZ
Жұма, 09 Наурыз, 2018 17:25
Талқылау