Бойжеткен достасқысы келген елестен қашқаны үшін өзін кінәлі сезініп жүр
Бойжеткен өзін осыдан үш жыл бұрын түсіріп алған қыздың елесі аңдып жүргенін айтады. Әлгі қыз онымен дос болғысы келеді екен.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Ханна Батлер осыдан үш жыл бұрын ақ көйлек киіп алған кішкене қыз кейпіндегі елесті суретке түсіріп алады. Аталған суретті Шығыс Йоркширда серуендеп жүріп түсірген.
Арада біраз уақыт өтсе де, әйел қиялында өмір сүріп жатқан қыздан қатты қорқады. Тіпті, елес маза бермеген соң, Кент аймағына көшіп кеткен екен. Енді бойжеткен 2013 жылы жасаған бұл қылығы үшін өзін кінәлі сезініп жүр. Себебі, ол кішкене қыз өзімен дос болғысы келген деп ойлайды.
“Сол күні құрбым Джорджина серуендеп келейікші деп өтініш білдірді. Яғни біз арнайы елесті көру үшін барған едік. Бір ағаштың тұсына келгенімізде жол сілтеуші “Кей адам ана ағаштың тұсында отырған кішкене қыздың елесін көреді. Бірақ мұның қаншалықты рас екенін әзірге білмейміз. Ол бүлдіршін теңізге қарап, әкесін күтіп отырады” деді. Әлгі ағашты он шақты рет суретке түсірдім. Бір уақытта суреттен ақ көйлек киген қызды байқап қалдым. Сол сәттен бастап бойымды үрей биледі. Бастапқыда мұны қиялым деп ойлап, суретті басқа адамдарға көрсеттім. Жанымыздағы 15 адам да қатты таң қалып, қорқа бастады. Мен кететінімді айтып, айқайлай бастадым. Осы жағдайдан кейін қатты қорқып, бірнеше күн бойы досымның үйінде түнеуге мәжбүр болдым”, – дейді 15 айлық Эмма есімді бүлдіршіннің анасы Батлер ханым.
Ханымның Хейсэль аймағында түсірілген суреттерінен шамамен 5-6 жастағы қызды көруге болады. Расымен де, орманның жанында өзен бар. Әлгі бүлдіршін ара-тұра сол жерге барып, әкесін күтсе керек.
“Бұл әрекетімді нағыз ессіздік деп бағалайтын шығарсыздар. Бірнеше апта өткен соң әлгі жерге досымды ертіп, қайта бардым. Өзіміз кішігірім зерттеу жүргіздік. Жол сілтеуші “Қыз сізбен дос болғысы келетінін айтса, жауабыңыз қандай болар еді?” деп сұрады. Мен ойланбастан “иә” деп жауап бердім. Өзімді оның алдында біртүрлі кінәлі сезінемін. Бірақ, басқаларды емес, бірнеше күн бойы мені ғана аңдып жүруінің себебін түсінбеймін. Ол алғаш көрген сәттен бері ойымнан да, түсімнен де кетпей қойды. Мен оны ұмытамын деп ойламаймын. Ол үнемі мені іздеп келетіндей болып көрініп тұрады. Сүйіктісі Крис – нағыз скептик. Соның өзінде ол менің сөздерімді толықтай қуаттап отыр. Не істерімді білмеймін”, – дейді Батлер ханым.
24 жастағы бойжеткен енді бұл елесті қалай ұмытарын білмей жүр. Ол тіпті ішіндегі сезімінің қандай екенін толық түсінбейді екен. Бірде қатты қорықса, енді бірде керісінше оны жақсы көріп тұрады екен.
Жіберіп алмаңыз:
Австралиялық азамат итін құтқару үшін кенгурумен төбелесті (видео)
3 жасар егіздердің бірі өліп қалмас үшін ата-аналары оларды некелестірді (фото)
Ақтауда апельсинге таласқан екі әйел төбелес шығарды
Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды