"KeshYou қыздары бұйырмады ғой" деген Асхат Тарғын әйелімен қарым-қатынасы туралы айтты
Асхат Тарғын «Кешью қыздары бұйырмады» деген жазбаға жауап берді. Ол бұл жазбасы үшін сынның астында қалған еді. Олардың басым бөлігі Асхат әйелі болса да, қыз-келіншектерге қырыңдауын қоймайды деп сынаған болатын. Бұл жайында әншінің өзі Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Сурет: instagram.com/zhuldyzomirgali_official/?hl=ru, instagram.com/askhat_targin/?hl=ru
«Мен әзілмен жаздым. Содан кейін ертеңінде тұрсам соны бәрі талқылап жатыр. Өзім түсінбей қалдым. Сынға түсемін деп ойлаған жоқпын. Әзілдедім. «Біз бойдақ кезде осы қыздардың біреуі бұйырмады-ау, Айқын мен Дәурен соқты» деп жаздым. Енді бұл жерде әзіл ғой, онда тұрған ештеңке жоқ. Мен Айқынды да танимын, қатарым, замандаспыз. Дәуренмен де жақсы араласамын, доспыз. Мен енді қазір деп жатқан жоқпын», - дейді әнші Асхат Тарғын.
«Кешью» тобының бұрынғы сылқымдарына бойдақ кезде қол жеткізе алмағанына өкініш білдірген әнші өзінің жазбасын кең таралып кететінін білмеген. Дегенмен, әншінің сүйікті жары бұған түсіністікпен қарапты.
«Әнші үшін, ең алдымен, алған жарың жақсы болу керек екен. Әйеліміз екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Әйелім мені әрқашан қолдайды», - дейді белгілі әнші.
Белгілі әнші жақында жас қызбен дуэт жазған. Жас әншінің есімі - Жанаргүл Сәркенова. Әннің атауы «Біз үшін».
Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
