AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бостонда жарылыс ұйымдастырған Джохар Царнаев қайта өлім жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ жоғарғы соты Джохар Царнаевқа тағайындалған өлім жазасына заңды күшін енгізу туралы шешім қабылдады. Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырған Царнаевқа бұл жаза 2015 жылы тағайындалып, кейін алынып тасталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Джохар

Сот мүшелері өлім жазасын қайта тағйындауға дауыс беріп, 6 адам қолдайтынын, 3 адам қолдамайтынын айтқан. 

"Джохар Царнаев жан түршігерлік қылмыс жасады. Алтыншы өзгерту оған әділ жаза тағайындайды", – деп жазды судья Кларенс Томас үлкен сот коллегиясының атынан. 

2015 жылы сәуірде судьялардың басым бөлігі Джохар Царнаевты федералды прокурор таққан айыптың 30 пункті бойынша кінәлі деп табуға дауыс берген. Тағылған баптардың 17-сі өлім жазасын қарастырған. 

Сол жылдың мамырында Царнаевты өлім жазасына кесу шешімі қабылданған еді. 

Царнаевтың қорғаушылары оның жарылысты ұйымдастырғанын жоққа шығармады, бірақ кінәліні өлім жазасынан құтқаруға тырысқан. Себебі Джохарға үлкен ағасы Тамерланның қысым көрсеткенін алға тартқан. 

2020 жылы шілдеде АҚШ аппеляциялық соты жазаны өзгерту туралы қаулы шығарды. 

Джохар Царнаев – Қырғызстанда туылған этникалық шешен, 10 жылдан артық уакыт Ресейде тұрған. АҚШ азаматтығын 2012 жылы 11 қыркүйекте алған. 

Ағайындылар 2013 жылы 15 сәуірде ұйымдастырған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 264 адам зардап шеккен болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр