Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас балаларымен қауышты
Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас балаларымен жолықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Әнші Қайрат Нұртас 20 шілдеге қараған түні бостандыққа шықты.
Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан соң, балаларымен кездескен сәтті жеке парақшасында көрсетті. Видеода әнші екі ұлымен бірге серуендеп жүргенін көруге болады. Бейнежазбада Нарұл мен Хан жұлдызды әкесін құшақтап, бетінен сүйген.
"Ассаламағалейкум, қазақ елі. Нарұл мен Хан деген жігіттер. Хан – спортшы жігіт. Ал Нарұл ақылды жігіт", – деді өнер иесі.
Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірген еді.
“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деген еді актриса.
Бұған дейін Қайрат Нұртастың келіні қолдау білдірген халыққа алғыс айтқан еді.