Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швеция жұртын тікелей эфирде болған зорлау оқиғасы дүр сілкіндірді

Швециядағы босқындарға арналған Гетеборг лагерінде аса қуатты жарылғыш зат іске қосы жаздады. Бомба бір сәтте 140 адамның өмірін жалмап кетер еді.

5656565656

Батыс Европадағы ең толерантты ел ретінде танылған бұл аймақта қазір сырттан келушілерге деген сенімсіздік өршіп тұр. Бұл негізсіз де емес. Бүгін швед газеттері Ауғанстаннан шыққан топтасып зорлау қылмысына қатысы бар күдікті туралы жарыса жазды. Олар оқиғаны әлеуметтік желінің тікелей эфирінде көрсетіпті.

Күдікті үш ауған азаматының біреуі бұрын да есірткі тасымалдағаны үшін сотталған. Ол “сені жаңа ғана зорлады” деп камераға қарап күледі. Алайда адвокаттар болса зорлау болған жоқ, бұл бар болғаны әзіл деп қорғап жатыр. Видеоның алғашқы бөлімі интернеттен алынып тасталған.

“Полицияда фото мен видеоматериалдар бар. Бірақ біздің қолымызда нағыз зорлаған кезі түскен бөлігі жоқ”, – дейді Уппсал қаласының прокуроры Магнус Берггрен.

Интернетте тек адам шошырлық суреттер таралған. Бір зорлықшының қолында револьвер тапаншасы. Екіншісі жәбірленушінің киімдерін шешіп, кереуетке итермелеп жатыр. Үшіншісі болса оқиғаны суретке түсіріп тұр. Тікелей эфирде таралған зорлық оқиғасын 60 мың адам көрген. Қолданушылардың бірі оқиға туралы бірден полицияға хабар беріпті.

Видеода күдіктілердің бірі “Мен бүгін қорқынышты бірдеңе істеймін. Және маған кім не айтса да бәрібір. Ол біздің арамыздан өзін кімнің зорлайтынын шешіп қойды” дейді. Қыз болса “Жоқ, бұл өтірік” деп шыңғырған. “Сен біздің арамыздан өзіңді кім зорлайтынын анықтадың, жалтарма”, – дейді оған зорлықшы.

Енді екі Ауғанстан азаматы зорлау оқиғасына күдікті ретінде, ал швед азаматы қылмысты хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

Оқи отырыңыз:

Торнадо желі әйелді ваннасымен бірге орманға ұшырып әкетті

Ақырзаманнан қауіптенген IT-миллионерлер бункерлер мен қарулар сатып алуда

Ер адам 17 жыл отасқан әйелін ұрымен шатастырып өлтіріп алды

Ата-анасы қалың мал үшін тұрмысқа берген 8 жасар қыз неке түнінде көз жұмды (фото)

Талқылау