Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Босату үшін 500 мың сұрады": Шымкентте әскерилер күштеп әкетпек болғаны үшін терезеден секірген жігіт істі сотқа жеткізе алмай жүр

Түркістан облысы Төлеби ауданы Тағайна ауылының 18 жастағы тұрғыны Бехруз Равшанбеков биыл сәуір айында Шымкенттегі әскери комиссариаттың екінші қабатының терезесінен қашамын деп секіріп, жарақат алды. Бозбаланы қабылдау бөлімінің қызметкерлері күштеп ұстап әкеткен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Time.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Time.kz

Шымкенттік Бехруз Равшанбеков бұған дейіін әскерге шақырту алмаған. Оны қалалық қабылдау пунктінің қызметкерлері ұстап, “шақыртуды күзге дейін шегеріңдерші” деген өтінішіне қарамастан әскери комиссаритқа жеткізген. Жігіттің жағдайын адвокат Евгений Яровский өз қолына алған. Осылайша Бехруз әкесі Авазбек Гайнанов әскери тергеу басқармасын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ жігітті ұстап әкеткен қызметкердің іс-әрекетінде қылмыстық кодекстің 126-бабында (Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) көрсетілген қылмыстың бар екені дәлелденді. Бехруздың әкесі әлеуметтік желідегі видеодан әскерилердің ұлынан бостандығы үшін ақша бопсалағанын мәлімдеді. 

Шымкент әскери комиссариатының қызметкерлері жанжалды шешіп, бітімге келмек болып Авазбек бірнеше рет барған. Олар “керегіңді айт та, үніңді өшір” деген екен. Алайда жігіттің әкесі ұлына жасалған заңсыздықты айтып, өз сөзінде тұрып алған.

Бірақ ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасының Шымкент қалалық бөлімінің тергеушісі Алмаз Жүсіпалиевтің бұйрығымен сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. 

Ал адвокаттар шағымды ресімдеу кезінде ондағы көптеген заң бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді көрсеткен. Алайда Бехруз өзін күштеп көлікке отырғызды деп көрсеткен адамадардан бұл іске тек куәгер ретінде жауап алған. Олардың ешқайсысы күдікті ретінде танылған жоқ.

“Тергеу біржақты жүргізілді. Тергеушінің қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытындысы тек Шымкент қалалық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің, оның бастығының, орынбасарларының, адвокаттың айғақтарына, сондай-ақ іске қатысушы Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы бөлімінің аға офицерінің қорытындысына негізделеді. Әрине, олардың барлығы тергеуді аяқтағысы келді. Тергеуші Бехруздың көрсетуі бойынша одан ақша бопсалаған, қысым көрсетіп, соққыға жыққан Еркебұлан Жақсынбетовтің айғақтарының рас-өтірігін де тексерген жоқ”, – дейді адвокат Яровский.

Равшанбековты ұстауға және әскери комиссариатқа жеткізгендерді бірі Алтынбек Сейдуалы Бехруздан бостандығы үшін үшін 500 мың теңге сұрағанын жасырмады. Бірақ ол қалжыңдағанын айтады. Тіпті олардың айтуынша, Бехруз көлікке өз еркімен отырған және оны ешкім күштеп ұстамаған.

Жәбірленуші де, оның адвокаты да бүгінде тергеудің қайта жандануы үшін барын салып жатыр. Сондай-ақ істі сотқа жеткізуге ниетті.

Бұл жағдайға қатысты запастағы полковник, әскери сарапшы Роман Құрманбеков пікір білдірді. Ол жігіттерді көшеден күштеп ұстап әкетуге түбегейлі қары екенін айтты.

“Біріншіден, әскери комиссариаттардың функцияларына әскерге шақырылғандарды көшеде ұстау кірмейді – олар тек жиын пунктіне өздері келгендермен ғана жұмыс істейді. Әскерден жалтарғандарды анықтау – полицияның міндеті. Әсіресе цифрландыру дәуірінде адамды күштеп әкетпей-ақ табу бұрынғыдан оңай. Әскер жасындағы миллиондаған жігіттердің арасынан өз еркімен қызмет еткісі келетіндерді табу соншалықты қиын ба?! Бұл – масқара, бірақ әскер емес. Әскери қызметке дайындық мектеп қабырғасынан, тәрбиеге деген  құрметтен, отансүйгіштіктен, өз отбасын, елін қорғауға деген ұмтылыстан басталуы керек. Сонда ешкімді ұстаудың қажеті болмайды”, – дейді ол.

Талқылау