Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босану кезінде серіктес болған Ерлан ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарды (фото, видео)

Қазақ шоу -бизнесінде бэби-бум. Олардың қатарында елді шулатқан Дәурен мен Ақбота, экс-Кешьюлік Айдана Меденова, шоумэн Роман Миронов пен Диана Шарапова бар.

баян

Және бүгін бұл тізімді жұлдызды жұп Ерлан мен Баянның қуаныштары толықтырды. 30- маусым күні үшінші  атқа мінерін дүниеге әкелген Баянды перзентханадан шығарып алуға барлық өнердегі және өмірдегі достары жиналды,-деп жазды  жұлдызды жұпты құттықтауға барған Stan.kz сайтының тілшісі.

“Барша қазақ еліне жұғысты болсын деймін. Əрине, қуанышымда шек жоқ. “Еркектен еркек туады”деген əзіл-шыны аралас сөз бар ғой. Кез-келген ер азамат ұл бала дүниеге келсе, ерекше қуанады. Мен де сондай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес бақытты сезінудемін.

Ең бірінші аузыма “Назарəлінің бауыры аман-есен дүниеге келді. Аллаға шүкір ” деген сөз түсті. Баламның салмағы 3 килограмм 600 грамм,  ал бойы 57 сантиметр. Есімін Зейін деп қойдық” ,-деп бақытты əке қуанышымен бөлісті.

Тіпті, Баян босанған кезде отағасы жанына серіктес болып кіріп, қолдау көрсетуден де бас тартпаған.

“Қос ұлымда да Баянның жанында болып, қолдау көрсетуге тырыстым. Екінші рет кірген кезде қолыма медициналық қолғапты киіп алып, акушердің ассисенті, көмекшісі болдым.

Ұлдарымды ең алғаш бауырыма алғаныма, ең қажет кезде жан-жарыма қолдау көрсеткеніме өзім ризамын”,-дейді Ерлан Орынбасаров.

Қос ұл сыйлаған сүйіктісіне Ерлан да ерекше сыйлық жасауға асыққан.

“Əрине, сыйлық бар. Бірақ, оны жариялап, мақтанғым келмейді. Бұл тек менің емес, Баянның да қалауы. Сондықтан, сыйлық туралы үндемеуді жөн көріп отырмын.

Алла қаласа, екі ұл сыйлаған жан-жарыма ұнайды деп сенемін”,-деп құпия қалдырды әнші.

Оқи отырыңыз:

Жорабаев келіншегі мен ұлын перзентханадан өзіне әпкесі сыйлаған көлікпен шығарып алды (фото,видео)

Еркемен бір ұшаққа отырған топ бүлдіршіндер «Қайда?» әнін айтып, елді шулатты (видео)

Жаз келісімен шомылу маусымын бастап, шешініп тастаған өнер иелері кімдер? (фото)

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Түсіпбаева: Сымбатты жас қыздарды көргенде өзімді жек көріп кетем

Талқылау