Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бос уақытты түрлендіріп өткізеді": «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлер үшін үстел теннисін орнатты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директор Владимир Яблонскийдің бастамасымен зауыттың басқару алаңына 2022 жылы теннис үстелдерін орнатты. Жұмыс уақытының көп бөлігін кеңседе, компьютер алдында өткізетін қызметкерлер бұл шешімді қуана қабылдады. Олар енді бос уақытын түрлендіріп өткізе алады.

“Алғашында бұл жерге бір үстелді орнатты. Оған көпшілік қызыққан соң екіншісін әкелді. Бұл идея көпшілікке ұнады. Тіпті, сөйтіп жүріп көпшілік назарын бұрған турнир өтті. Мен бұл динамикалық ойынды жақсы көремін. Денсаулыққа пайдалы бұл спорт түрі тек бұлшықеттерге ғана емес, сонымен қатар төзімділік пен ми жұмысының белсенділігін жақсартады”, – деді "АрселорМиттал Теміртау"АҚ ІТ-инфрақұрылым бөлімінің басшысы Александр Щербов.

Биыл күн жылыған бойда теннис үстелдері алаңға қайта орнатылды. Енді түскі уақытта жарысқа, жаттығуға дайындалып,таза ауада тиімді демалғысы келетіндер алаңға шығады.

“Біз күн сайын дерлік өзге бөлімдермен ойнап тұрамыз. Олармен бәсекелесеміз. Солай уақытымыз да қызықты өтіп жатыр. Меніңше, бұл біздің жұмыс күндерімізді әртараптандыруда тамаша идея. Жұмысымызды бір орында отырып істейтіндіктен бізге қозғалыс жасау да маңызды. Себебі өмірдің өзі қозғалыс қой”, – деді желі инженері Дмитрий Найман.

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Эльмира Алиева "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бұл бастамасын құптайтынын және қызметкерлерді спортпен айналысуға қолдау қажет екенін айтады. 

“Бас жаттықтырушы ретінде Қазақстанда үстел теннисінің қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көргеніме қуаныштымын. Ірі қалаларда заманауи үстел теннисі орталықтары салынып, аудандарда секциялар ашылуда. Көптеген ұйымдарда бұл спорт түріне қызығушылық артып, жарыстар өткізілуде. Ал кәсіпорын қызметкерлері үзіліс кезінде немесе жұмыс күнінен кейін бір демалып, тынығуына осы спорт түрі жақсы көмектеседі.  Үстел теннисі жүрек-тамыр жүйесіне оң әсер етіп, қан қысымын қалыпқа келтіреді. Дәрігерлер инфаркт пен инсульттің алдын алуда осы спортпен айналысуды ұсынады. Теннис ойнай отырып, сіз жағымды эмоциялар аласыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі, стресстен арыласыз. Жалпы, үстел теннисі салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді”, - деді үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиева.

Компания бұл спорт түрін бекер таңдаған жоқ. Себебі тенниске құмар қызметкерлер саны күннен күнге артуда. Жақын арада Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні аясында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық департаментінде компания жүлдесі тігілетін турнир өтеді.