Бортсеріктер қазақ тілін білуге міндетті ме? Тоты Әмірова түсініктеме берді
Қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясының жолаушысы мен бортсерігі арасындағы жанжал сот процесіне ұласты. Осы жағдайға қатысты Азаматтық авиация комитеті басшыларының бірі Тоты Әмірова пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақстандық Air Astana әуе компаниясын қазақ халқынан кешірім сұрауға және бортсеріктерді қазақ тілін үйренуге міндеттеген сот шешіміне ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Тоты Әмірова түсініктеме берді.
“Әуе кемесінің бортсерігі қазақ тілін білуі тиіс деген бапты заңға енгізген кезде оның ешқандай саяси астары болған жоқ, ол ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында ғана жасалды, өйткені шетелден көшіп келген қазақтардың барлығы бірдей орыс немесе ағылшын тілін білмейді”, — деді Әмірова Facebook-те жариялаған жазбасында.
Тоты Әмірова бортсерік ең алдымен жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Әмірова ірі халықаралық әуе компанияларының бортсеріктерінен әрқашан “бас кеңсенің”тілін талап етпейтін әлемдік тәжірибені мысалға келтірді.
“Бүкіл әлемдегі ең үздік әрі қауіпсіз әуе компанияларының бірі Emirates (БАӘ) бортсеріктерді бүкіл әлемнен жинайды және олардың барлығы бірдей араб тілін білмейді. Алайда арабтар қысым көрдік деп жатқан жоқ қой, әрине, түрлі елдің жолаушыларына ыңғайлы болу үшін экипаж құрамында көптеген тілді білетін бортсеріктер де бар. Жаһандану дәуірі келді, мұны түсінген және соған икемделген нарық ұтып жатыр, осының арқасында туризмді өркендетіп отыр”, — деп түсіндірді Әмірова.
Аталған комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы ұшу қауіпсіздігі мәселесінен саяси астар іздеу дұрыс емес пікірде, өйткені халықаралық рейстердің бортсеріктері тілді ең алдымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей деңгейде білуі тиіс, олардан заң терминдерін білуді талап ету қисынсыз.
Естеріңізге сала кетсек, тамызда Air Astana жолаушысы Оғыз Доғанға әуе кемесінде қауіпсіздік ережесін сақтаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынған боалтын. Ол бортсерік қазақ тілінде түсіндірмегені үшін қайырмалы үстелді бекітпеген.
Мұнан кейін “Эйр Астана” жолаушысы жариялаған видеоролик әлеуметтік желілерде үлкен резонанс туғызды. Қорланған жолаушы компанияны сотқа беріп, жеңіп шықты. Алматы қаласы Түркісіб ауданының соты Оғыз Доғанның талабына сәйкес, Air Astana әуекомпаниясын өз клиенттеріне мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін қазақ халқынан кешірім сұрауға және бортсеріктерді қазақ тілін үйренуге міндеттеді.
Сонымен қатар, әуе компаниясы Оғыз Доғанға 1 (бір) теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбе тұрғыны жаңа жыл қарсаңында 5 жасар баласымен бірге далада қалғалы отыр
Елімізде полиэтилен пакеттер енді тегін берілмейтін болады
Қарағандыда жылы судан шығатын жағымсыз иістің мән-жайы анықталуда
Шымкенттің ардагерлері жылуға ақы төлемейтін болды
ШҚО тұрғыны 15 жыл бойы күйеуінің мәйітін бақшада жасырып келген