"17 жастағы жасөспірімнің өлімі қайталанады": Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындары кең тараған әлімжеттікті жоюды сұрайды
Маңғыстау облысы Ақжігіт ауылының тұрғындары Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Еркебұлан Ізкеновке ашық хат жазды. Олар оқушыларды ұрып-соғып, қорқыту белең алғанын айтып дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz/ foto-planeta.com
Ақжігіт ауылының тұрғындары елдімекенде әлімжеттік жойылмаса, 17 жастағы жеткіншектің өлімі қайталануы мүмкін деп қауіптенеді.
Тұрғындардың сөзінше, бір топ адам мектеп оқушыларын қорқытып, ақша бопсалайды. Студенттер де қорқып, жеке тапсырмаларды орындауға мәжбүр дейді. Оған келіспегендерді ұрып-соғып, қорқытады. Бұл фактілерді жасыру қайғылы жағдайға әкелді дейді.

-
Орал тұрғынын ең жақын досын өлтірді деп айыптады: Марқұмның анасы ер адамның кінәсіз екеніне сенеді
Үндеуге 24 отбасы қол қойған. Олардың барлығы ауылдағы кез келген оқушының басынан осындай жағдай болуы мүмкін деп алаңдайды.
Еске салсақ, 8 сәуірде Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірім көз жұмғаны жазылды.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан